Ислам діні

«Жаңбырдың суын ішіп, мал жемейтін тамақты жедік»: Сириядан оралған әйел

  • «Жаңбырдың суын ішіп, мал жемейтін тамақты жедік»: Сириядан оралған әйел

    «Жаңбырдың суын ішіп, мал жемейтін тамақты жедік»: Сириядан оралған әйел

Қазіргі таңда жазасын өтеп жүрген әйелдің күйеуі Сирияда мерт болған
Сәуле 4 баланың анасы. Ақмола облысында туған. Қазір ол Петропавл қаласындағы ЕС 164/3 түзету мекемесінде жазасын өтеп жүр. Тероризмді үгіттеп, ұлтаралық араздық тудырғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айрылған. Күйеуі Сирияда мерт болған. Балалары туған-туыстарының қолында тәрбиеленуде.

Ол қателесіп жасаған бір қадамы өмірінің астаң-кестеңін шығарғанын айтады. «Күйеуім екеуіміз халқымыздың дәстүрлі дініне жат, сәләфиттік бағытты қабылдамасақ, бәрі басқаша болар ма еді», деп өкінеді. Жазасын өтеушімен Azattyq Rýhy тілшісі сұхбаттасқан еді.
Сәләфиттік ағымға қалай түстіңіз?

- 2012 жылы күйеуім намазға жығыла бастады. Бірақ тұрақты түрде оқымайтын. Бірде мешітте сәләфиттік бағытты ұстанушылармен танысыпты. Одан кейін дінге біржола бет бұрды. Мені намазға шақыра бастады. Бастапқыда оған бағынбадым. Соның кесірінен үйде ұрыс-керіс көбейіп, берекеміз кетті. Ол кезде 2 баламыз бар еді. Күйеуім базардан сатып алған етті жегізбей, теледидар көруге тыйым салатын. Жалпы, бұған дейін отбасымызда қалыптасқан өмір сүру салтының барлығын бұза бастады. Менің таңдау жасауыма тура келді: күйеуіммен қалып, өмірімді түбегейлі өзгерту немесе онымен ажырасып, бөлек кету. Мен бірінші нұсқаны таңдадым. Себебі, ол кезде екі баламен жалғыз өзімді елестете алмайтынмын. Хиджаб кидім. Намазға жығылдым. Күйеуім нұсқаған жолмен ғана жүрдім.

Отбасыңыздың өмір сүру салты толығымен өзгерді. Ал туған-туыстарыңызбен қарым қатынасыңыз қалай болды?

- Шынын айтсам, туған-туыстарымызбен қарым-қатынасымыз бүліне бастады. Жақындарымыз отбасымыздағы өзгерістерді, радикализмді көргенде теріс пікірлерін білдіріп, түрлі ескертулер жасай бастады. Алайда, бізді бұл мәселе қатты толғандырған жоқ. Өз бетімізше өмір сүріп жаттық.

Радикализм деп қалдыңыз. Ол қалай білінуші еді?

- Біздің үйреншікті өміріміз түбегейлі өзгерді. Күйеуім ата-анамызға барғанда дастарханда тұрған етті жегізбейтін, теледидар көрсетпейтін. Намаз оқымайтын адамның бауыздаған малы харам деп түсіндіретін. Сүннеттік бағытты ұстанушылар дінге сенбеушілермен араласуға болмайтынын, олар туысың болса да бас тарту керек екенін айтатын.

Сирияға қалай бардыңыздар, оған не итермеледі?

- 2014 жылы Қазақстаннан кетіп, қақтығыс болып жатқан Сирияға бару туралы мәселе туындады. Күйеуім Шариғат заңы бойынша барлық мұсылмандар сонда жиналу қажеттігін айтты. Ол кезде үшінші сәбиіміз дүниеге келген. Жиналып, Түркия арқылы Шам еліне аттандық. Ондағы өміріміз өте ауыр болды. Тамақ жоқ. Шатырға шелекті қойып, жаңбыр суымен жуынып, содан тамақ пісірдік. Ыдысты құммен жуатынбыз. Ішетін су болмағанда құрты бар суды да тұтындық. Нан илегенде аздап ұн, кебек қосатынбыз. Өлместің күнін кештік. Біз кейбір жануарлардың өзіне бермейтін нәрсені азық еттік. Одан кейін ересектердің іші өтіп, балалар шөлден денесі кеуіп, көз жұмып жатты. Бірақ сәбилердің өлімімен ешкімнің шаруасы жоқ еді. Ол жаққа ер адамдарды соғысу үшін, әйелдер мен балаларды тірі қалқан ету үшін апарады. Себебі, көптеген елдер аумақта әйелдер мен балалар барын білгендіктен бомба тастамады.

Қазақстанға қалай оралдыңыздар?

- Қазақстанға «Жусан» операциясының көмегімен келдік. Сирияға барып, күйеуімнен айрылғанда, олардың бізге айтқандарының барлығы дұрыс емесін ұқтым. Қашып кеткім келді. Бірақ ол мүмкін болмады. Сирияға табанымыз тиген сәтте-ақ құжаттарымызды алып қойды. Айналаның барлығы миналанған болатын. Ол жерден арнайы жол көрсететін адамдар ғана алып шыға алады және көп ақша төлеу керек. Оған қоса, бізді
«қашсаңдар күрдтер ұстап алады, жәбірлейді, зорлайды,балаларыңды алып қояды» деп сендірді. Біз аман қалу үшін олардың саясатымен келісетін кейіп танытып жүрдік.

Меніңше, адамдардың 80 пайызы мүмкіндік болса бірден қашып кетер еді. ИГИЛ аумағы кішірейе бастағанда, күрдтердің лагеріне жаяу жету мүмкіндігі туды. Біз сонда жатқан таныстарымызбен байланысқа шықтық. Олар күрдтер жайында айтылғанның барлығы өтірік екенін, жол тапсақ қашу керек екенін айтты. Мен ұзақ уақыт бойы кетудің амалын іздедім. Бірде оның сәті түсті. Қыс мезгілі еді. Таңертең 4 баламды алып, жолға шықтым. 7 сағат бойы жаяу жүрдік. Күрдтерге жеттік. Содан кейін «Жусан» жобасы бойынша елге оралдым.

Қандай қылмыс үшін жауапкершілікке тартылдыңыз?

- Терроризмге үгіттеу, ұлтаралық араздық тудыру баптары бойынша сотталдым. Мен әлеуметтік желілерге діни суреттер салдым. Халықты Сирияға баруға үгіттедім. Оның барлығы білместіктің салдарынан болды. Бірінші кезекте білімді мамандардан алу керек. Елді тастап, шетке кетпес бұрын, барлығын сараптап алу керек екен. Қателік жасадым. Сондықтан осы жерде отырмын. Балаларымнан жырақта... Өмірдегі ең қымбат жан – күйеуімнен айрылдым. Сирияға кетіп, онда жақсы ештеңе жоқ екеніне көзім жетті. 

<iframe width="640" height="360" src="https://www.youtube.com/embed/9cqrw3sDRI8" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen></iframe>

Сұхбатыңызға рахмет.

Сұхбаттасқан Эльмира Мәмбетқызы, СҚО  




Көрілген: 603    Пікірлер: 0

сенбі, 29.02.2020, 17:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Наурыз, 10:36
    АЖАЛ
    18 Наурыз, 09:59
    Аса қауіпті түн!
    13 Наурыз, 16:51
    ҮШ ТҮРЛІ ЖҮРЕК
    25 Ақпан, 09:26
    ОҢ ЖАҚТЫ ЖАҚСЫ КӨРУ
    20 Ақпан, 11:40
    НӘПСІНІҢ ДАУАСЫ
    23 Қаңтар, 10:54
    НЕГЕ БІЗДЕ БЕРЕКЕ ЖОҚ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31