ЖӘННАТҚА КІРЕТІН ЕКІ ЕСІК

ЖӘННАТҚА КІРЕТІН ЕКІ ЕСІК

Асыл дініміз Исламда ата-ана жөнінде не айтылған? Қасиетті Құрани Кәрімде Жаратушы иеміз: «Біз Адам баласына ата-анасына жақсылық істеуге өсиет еттік, анасы оны тоғыз ай тоғыз күн қиыншылықпен көтеріп, екі жыл омырауынан емізген. Маған шүкірлік жаса және ата-анаңа шүкірлік жаса және қайтар жерің Менің алдым» деп, ата-анаға жақсылық істеуге бұйырып жатыр.

Бір күні ардақты Пайғамбарымызға (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі келіп: «Әй, Пайғамбар, мен мына дүниеде кімге бірінші жақсылық жасауым керек?» -дегенде, біріншісінде: «Анаңа» -деді.

- Екінші кімге?

- Анаңа.

- Содан кейін кімге?

- Тағы да анаңа. Тек төртіншісінде ғана: «Әкеңе», - деген екен.

Пайғамбарымыз үш мәрте «Анаңа» деп жауап берді, сосын ғана әкесіне мәрхамет қылып, жақсылық жасауды өсиет етті.

Қазақта «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген қанатты сөз бар. Мына бір ғибратты оқиғаға ой жүгіртіп көріңіз. Бірде бір жас жігітке әйелі оның әкесін баға алмайтынын айтып, оны таудағы саяжайдағы үйшікке тамағымен, төсегімен бірге апарып тастауға кеңес береді. Әйелінің айтқанынан шыға алмаған байғұс жігіт көп ойланып, ақыр соңында әкесін саяжайға әкеліп, «Осында уақытша тұра тұр» деп тастап кетеді. Қайтар жолда ісіне қатты өкініп, жылаған күйі әкесіне қайтып келеді. Сондағы әкенің баласына не дегенін білесіз бе? «Балам, мен сенің қайтып келетініңді білдім. Себебі мен әкемді далаға тастамаған едім» деген екен.

Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде үш адамның үңгірде қалып қойып, Алладан жәрдем сұрайтындығы айтылады. Сонда солардың бірі қолын жайып: «Уа, Жаратушы Ием, Алла, меніңқарт қаужыраған ата-анам болатын. Мен малымды бағып келіп, кешкісін оларды сауып, сүтін бірінші ата-анама, кейін бала-шағама беретін едім. Бір күні өрістен кеш келіп, малымды сауып, сүтін алып келсем, ата-анам ұйықтап қалыпты. Сонда ата-анамның оянғанын таңға дейін күтіп, кейін олар ұйқысынан оянғанда сүттен ішкізіп, содан соңғана бала-шағама бердім» деген. Алланың разылығы үшін жасаған осы ісінің себебінен жәрдем сұраған пендесіне Алла Тағала үңгірден шығып кетулеріне жәрдем берген.

Хадистен түсінгеніміздей, ең әуелі әйелімізге, бала-шағамызға, достарымызға емес, ең бірінші орында ата-анамызға жақсылық жасауымыз керек. Ата-анамыздың тірі кезінде қадір-қасиетін білуіміз керек. Тірі кезінде дұрыс қызмет жасамай, өлгеннен кейін басына алтыннан үй тұрғызсақ та, ананың сүтін, әке еңбегін ақтай алмаймыз.

Бұрынғы өткен ізгілердің бірінің анасы өлгенде, әлгі адам еңкілдеп қатты жылапты. Оның ізбасар шәкірттері: «Ұстаз, мұнша неге жыладыңыз?» деп сұрағанда, «Менің жәннатқа баратын екі есігімнің біреуі жабылды» деп жауап берген екен. Яғни, жәннатқа баратын екі есігі - ата-анасы, оларға қызмет қылып, жақсылық жасау арқылы әлгі екі есіктің бірінен жұмаққа кіруден үмітті еді.

Пайғамбарымызға (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір кісі келіп, «Ата-анам өмірден озды. Мен оларға қызметімді жасадым. Енді міндетімнен құтылдым ба?» дегенде,«Жоқ, сенің мойныңда әлі төрт міндетің бар: біріншісі–ата-анаңның атына дұға оқу, яғни, «ата-анамның күнәсін кешір» деп Алладан тілеу, екіншісі –ата-анаңның жасай алмай кеткен уәдесін орындау, үшіншісі –ата-анаңның көзін көргендерге арнайы құрмет көрсету екен. Қазақ мәтелінде келгендей, «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көргендер өлмесін». Және төртіншісі – апа-қарындас, аға-інілеріңмен жақсы қарым-қатынаста болу.

Ата-ананың көз жасына себеп болып, қарғысын алу - өте ауыр күнә. Хадисте мағыналай Алла Тағала екі адамның жазасын тездететіндігі айтылады, соның біреуі - ата-анасына зәбір көрсеткен перзент.

Атам қазақ «Ата-анаң жынды болса, байлап бақ» деген. Бірақ, ата-анаңды жұбайыңның сөзіне еріп, қарттығында тастап кет немесе қуып жібер, қарттар үйіне тапсыр деген бірде-бір сөз жоқ.

Құрметті ағайын, қамшының сабындай қысқа ғұмырда ата-анамызды сыйлап өтейік. Ешкім мәңгі өмір сүрмейді. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші, қарттарымызды құрметтейік. Жәннаттың екі есігі ашық тұрған сәтте, яғни ата-анамыздың тірісінде олардың қызметін қылып, жақсылық жасауға тырысайық. Ата-аналарымыз аман болсын. Алла берекені соларға байлаған. Ендеше, берекеміздің қадір-қасиетін ұғына білейік.


Ғабит Маткаримов
mazhab.kz 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста