Жәннаттың кілті және оның тістері

03 мамыр 2023, 09:44

Бір күні Баязит Бистами әулиеден: «Лә иләһа иллаллааһ» – жәннаттың кілті» деген хадисті қалай түсінесіз?» – деп сұрағанда ол былай деп жауап береді:

 

– Хадис сахих, бірақ сол кілттің тістері болмаса, ашылмайды.

 

Жәннаттың кілті «Лә иләһа иллаллааһ» (Алладан басқа тәңір жоқ) сөзі болса, мына төрт нәрсе соның тістері:

 

«1.Жалған және ғайбат айтпаған тіл,

 

2. Алдамайтын және қиянат жасамайтын жүрек,

 

3. Күмәнді және харам нәрселерді жемейтін асқазан,

 

4. Бидғат және нәпсінің қалаулары араласпаған салих амал», – деп жауап беріпті.

 

 

 

Кazislam.kz