Ислам діні

ЖАС ЖІГІТТІ АТА-АНАСЫ ҮЙЛЕНДІРУГЕ МІНДЕТТІ МЕ?

  • ЖАС ЖІГІТТІ АТА-АНАСЫ ҮЙЛЕНДІРУГЕ МІНДЕТТІ МЕ?

    ЖАС ЖІГІТТІ АТА-АНАСЫ ҮЙЛЕНДІРУГЕ МІНДЕТТІ МЕ?

Сұрақ: Жас жігітті ата-анасы үйлендіруге міндетті ме?

Жауап: &ndash Үйлендіру ата-ананың борышы. Ондаған жылдар бойы құдайсыздар билік құрған материалистік идеологияның ықпалында келген қазақ қоғамында мұсылмандық таным-нанымға, әдет-ғұрыпқа мүлде сәйкес келмейтін керағар, керітартпа әдеттер пайда болды. Солардың бірі &ndash өмірлік жар таңдау атты маңызды мәселенің ешбір тәжірибесіз, балаң да албырт жігіттер мен ештеңеден хабарсыз қыздардың өздеріне қалдырып, осы жауапкершілікті ата-аналардың мүлде сезінбеуі деуге болады. Бұл мәселеде ата-аналардың басым бөлігі: «Жастар өздері білер, өздері шешер», немесе «өзі ұнатқанын алсын, ұнатқанына шықсын» деген пікірді ұстанады. Мұның арты кейбір кездері орны толмас өкініш тудырып жататыны жасырын емес. Ал, шынтуайтына келсек, шариғат заңы бойынша ұлына лайықты келін, қызына лайықты жар тауып беріп үйлендіру, тұрмыс құрғызу &ndash ата-ананың пер-зент алдындағы борыштарының бірі. Имам Байһақидың сахабалар Әбу Сағид әл-Худри мен Ибн Аббастан (Алла ол екеуіне разы болсын) жеткізген бір риуаятында Алланың Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Кімнің баласы туылса, оған жақсы ат қойсын, жақсы тәрбие берсін, балиғат жасына жеткенде үйлендірсін. Егер балиғат жасына жеткенінде оны үйлендірмей, ол күнәға ұрынып қалса, оның күнәсі әкесіне жазылады», - деген. Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) басқа бір хадисінде былай дейді: «Балалардың әке-шешесіндегі ақысы үшеу: 1. Туылғаннан кейін жақсы есім беру. 2. Балиғат жасына келгенде Алланың Кітабын үйрету. 3. Үйлену шағына жеткеннен кейін үйлендіру». Источник:

fatua.kz




Көрілген: 606    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.02.2021, 15:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 14:29
    ҺАШИМ ЖӘМИЛ ОҚИҒАСЫ
    2 Сәуір, 01:26
    ШАРИҒАТ ДЕГЕН НЕ?
    24 Наурыз, 13:45
    ИМАН НЕДЕН ӘЛСІРЕЙДІ?
    22 Наурыз, 01:25
    БАЙҒЫЗ
    16 Наурыз, 18:37
    ҰЛЫЛАРДЫҢ ОРАЗАСЫ
    10 Наурыз, 19:59
    Сүрме жағу сүннет пе?
    6 Наурыз, 01:59
    ШЫНАЙЫ ДОС ДЕГЕН КІМ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30