Жатарда төсекті сілку және бетті қолға қою сүннет

Жатарда төсекті сілку және бетті қолға қою сүннет

 Мұхаммед ﴾ﷺ﴿ Пайғамбарымыздың ұйқтау әдебі

Оң жақ бүйіріне жату.

Алла Елшісі ﷺ ұйқыға жатқанда, оң жағына (бүйіріне) жатып, былай дейтін: Я, Алла! Өз нәпсімді Саған бойсұндырдым және ісімді Өзіңе тапсырдым. Әрі жүзімді саған қараттым және (сауабыңды) үміт етіп, әрі (азабыңнан) қорқып, Саған арқа сүйедім. Сенен қашып өзгеден пана табу мүмкін емес, тек Саған қашып Өзіңнен ғана пана тілейміз. Түсірген Кітабіңа әрі жіберген Пайғамбарыңа иман келтірдім» /Аллаһумма асламта нафси иләйк, уә фәу-уадту әмри иләйк(ә), уә уәж-жәһту уәжһий иләйк(ә), уә әлжәъту зоһрий иләйк(ә) рағбәтән уә раһбәтән иләйк(ә), ләә мәлжә-ә уә ләә мәнжәә минкә иләә иләйк(ә), әмәнту би китабикәл-ләзий әнзәлтә уә би нәбий-икәл-ләзий әрсәлт/. (Бұхари)

Бетті қолға қою.

Алла Елшісі ﷺ түнде төсекке жатқанда бетін қолына қойып: «Я, Алла, Сенің есіміңмен өліп (ұйықтап), Сенің есіміңмен тірілемін (оянамын)” /Бисмикал-лаһумма амуту уа ахийа/ дейтін. (Бұхари)

Төсекті сілку және Алланы еске алу.

Әбу Һурайрадан: «Егер сендердің біреуің ұйқыға жатқыларың келсе, киімінің ішкі жағымен төсегін қағып-сілкісін де, «Бисмилләһ» деп айтсын, себебі, оған төсегінің ішінде не бар екендігі беймәлім». (Бұхари, Муслим)

Ұйқыдағылардың бөлек жатуы.

Пайғамбар ﷺ: «Балаларыңа жеті жастап бастап намаз оқуды бұйырыңдар, ал он жастан бастап оқымағаны үшін ұрыңдар және оларды төсекке бөлек жатқызыңдар» деген. (Ахмад, Әбу Дәуд). Айта кетейік, бұл жерде ұру – деген шектен тыс күш көрсету дегенді меңземейді. Және ата-ана баласына 7 жасында намаз оқуды бұйырмаса, 10 жасында да талап ете алмайды. Ал хадис, барлық ересектерге қатысты, яғни, екі ересек еркек немесе екі ересек әйелдің бір-біріне жақын, бір көрпенің астында ұйықтамағаны жөн.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста