Жеті нан ұғымы исламға жат па?

Жеті нан ұғымы исламға жат па?

Иіс шығару ұғымы Исламға жат па? Жеті нан таратып, оның сауабын өлгендерге бағыштау қаншалықты дұрыс? Осы сұрақ төңірегінде ҚР Қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызының жауабын назарларыңызға ұсынамыз.

 

Иіс шығару дәстүрі &ndash түркі халықтарының көпшілігіне тән дәстүр. Нақты қай уақытта пайда болғанын айту қиын. Бұл дәстүрді, ең алдымен, біз дастархан әдебімен байланыстыратын болсақ, қазақ халқында сонау сақтар мен ғұндар дәуірінен бері өлілерге арнап ас беру, дастархан жаю, тірілердің басн қосып жиын-тойлар жасау бұрыннан қалыптасқан. Ислам енген кезеңнен бастап, Құран оқып, оның сауабын өлілерге бағыштау, молда шақыру, жеті нан пісіру сияқты игі дәстүрлер одан әрі дами түсті. Яғни халық өз дәстүрін ислам дінімен берік байланыстырған.

 

Егер өзбек халқын алап қарасақ, олар иіс шығару деп өздерінің ұлттық тағамы палау пісіруді айтады. Олар әр бейсенбі сайын палау пісіреді.  Палаудың майы қыза бастап иісі шыққан сәтті иіс шығару деп санайды да Құран бағыштап оқиды. Олар да осы өз дәстүрі мен Исламды ажыратпай, байланыста ұстайды.

 

Кез-келеген дастарханда өлілерге Құран бағыштап отыратыны белгілі. Кейде басында, кейде соңында бағышталады. Жалпы, қазақта садақаның ең кең таралған түрі &ndash дастархан жаю. Сондай-ақ жеті нан пісіріп, тарату. Бұл бір жағынан Пайғамбарымыздың сүннетімен байланысты. Ол  «Садақа беру арқылы түрлі пәле-жаланың алдын алыңдар. Садақа 70 түрлі пәленің алдын алады. Қайырлы, сауапты істер адамды түрлі жамандықтан сақтайды»  немесе «Алла тағаланың назарында садақа үшін берілген бір үзім нан Ухуд тауындай үлкейеді.» деген. Осының бәрін терең түсінгендіктен, қазақ жеті нан беріп өзі де және нанды алған адам да құран оқиды. Сол арқылы тек жақсылықтан үміт етеді.

 

Сонымен қатар, бұл ұғым түс көрумен байланысты болады. Жаман түс көрсе соның алдын-алу ниетімен, жақсы түс көрсе ол орындалсын деп ырымдап жеті нан таратып жатады. Онда олардың өмір сүруіне ешқандай шектеу қойылмайды. Егер қандай да бір мәселеге шариғатта үкім берілмеген болса, ал салт-дәстүрде оны істеуге үкім берілсе, онда ол пәтуа шығарудың негізі болады.

 

Әдет-ғұрыппен белгіленген нәрсе аят және хадиспен белгіленген шарт сияқты болады деген ислам ғалымдарының тұжырымдары бар. Қазақтың иіс шығарудағы көздеген мақсаты, ниеті, әдебі, садақа берудегі мақсатының барлығы ислам шариғатына қайшы келмейтін, ешқандай жағымсыз салдар туындатпайды. Керісінше аз да болса береке, бірлікке себеп болатын ізгі дәстүр. Сондықтан мұндай дәстүр ислам шариғатына қайшы келмейді.

 

ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста