Ислам діні

"Жетімнің жары құдай" деген...

  • "Жетімнің жары құдай" деген...

Бір кісі айықпас дертке шалдығады.
Германияға емделуге барған екен."Әбден өткізіп алған екенсің, бұл дертіңе ешқандай ем таба алмай отырмын,1 ай ғана уақытыңыз қалды, бірақ барымызды жасап көрейік, осындай уақытта келіңіз" дейді. Бірақ ол үйдегілерге 1 айдан соң өлемін деп айта алмайды. Алладан медет сұрап, балаларына білдірмей, ас-суларын, киімдерін алып, қамдана бастайды. Енді жейтін еттерін алып берейін деп қасапшыга ет шаптыруга барыпты. Ет шауып жатса ,жан-жагына түскен қалдықтарын бір кейуана теріп жүр дейді. Әжейден не істепи жүргенін бір сұрайды, әжей ештеңе демейді. Сәлден кейін ғана әжей:  "Әй, балам, сонша сұрағаның не, еріккеннен жинап жүр дейсің бе, менің келінім мен балам былтыр жол апатынан қайтыс болған еді, соның үйелмелі-сүйелмелі 4 баласы қалып еді, соларға осыны сорпа қылып беремін" дейді.

Осыны естігеннен кейін" әлгі кісі "Апажан, кешіре көріңіз, байқамай сұрадым, мен де ауыр дертке шалдығып, кетіп бара жатыр едім, сізге садақа есебінен бүгіннен бастап 1 ай бойы 1 келіден алып тұрыңыз, ақшаңызды төлеймін" дейді де қасапшыга айтып, тапсырып кетіп қалады.

Содан Германияға барса, ауруын олай тексеріп, былай тексеріп,бойынан еш дерт таба алмай елге қайтарып жібереді. Еліне аман-сау келіп, куанып, жұмыстарымен қасапшыга келеді. Барып тұрса өткендегі әже ет алып жатыр екен. Жагдайын сұрап, рақметін жаудырып жатыр дейді. Сонда әлгі адам өзінің жағдайын да баяндады. "Тәуірмін, Германияға барып едім,біз жаңылдық па, әлде аппараттан болды ма, әлде бір ғажайып болды ма, ешқандай дерт таба алмай қайтып келдім" дейді.

Сонда әжей айтады: "Еее, балам, сол күні сен маған 1кг ет беріп едің ғой, есіңізде ме? Сол етті үйге апарып едім үйдегі 12 жастағы немерем  "Әже, осыншама көп етті қайдан алдыңыз" деп сұрады. Мен оған бір ауырып жүрген адам садақа есебінен берді, ай бойы әкеліп тұрамын дедім. Етті асып жатсам, қызым дұға қылды. "Еее, Аллам! Ана кісінің дертіне шипа бере гөр, менің әке-шешем сияқты ерте өліп, балалары жетім қалмасыншы" деп қолын жайып, дұға жасады. "Жетімнің жары құдай "деген, қызымның дұғасы қабыл болған ғой дейді. Міне, дұғаның кереметі, әрдайым дұғада болайық.




Көрілген: 4154    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.05.2021, 13:34

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Шілде, 19:20
    Пасық адам, ол кім?!
    1 Шілде, 18:39
    ОТЫЗ ЖЫЛДЫҚ ТӘУБА
    29 Маусым, 18:48
    МАҢЫЗДЫ БЕС НӘРСЕ
    26 Маусым, 08:54
    АДЫРАСПАН ХИКАЯСЫ
    25 Маусым, 13:53
    БАЛШЫҒА БАРУ КҮНӘ МА?
    22 Маусым, 18:38
    БІР АУЫЗ СӨЗДІҢ КҮШІ
    13 Маусым, 20:42
    ҰЯЛУ ҚАЙ КЕЗДЕ АЙЫПТЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31