Ислам діні

Жұмыс істеп жүріп құран тыңдауға бола ма?

  • https://ichip.ru/

    https://ichip.ru/

Құран Кәрімде: «Құран оқылған кезде оны ден қойып тыңдап, тыныштық сақтаңдар, мейірімге бөленесіңдер[1]», – деп әмір етілген.

 

Бұл аяттан екі мәселе туындайды:

 

1. Намазда имамға ұйып тұрған адам Құран оқымайды. Тек құлақ салып, үнсіздік сақтайды. Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) дауыстап оқитын намаздан кейін: «Сендерден біреу жаңа ғана менімен қосылып тиләуат етті ме?» – деп сұрайды. Бір кісі: «Иә, Алла елшісі», – деді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Неге менімен Құранда (оқуда) таласасыңдар?» – деді. Осы оқиғадан кейін адамдар Алла елшісімен (с.ғ.с.) қосылып намазда Құран оқуды доғарды[2]»,-деп риуаят етті.

 

Және Жәбир (р.а.) риуаят еткен бір хадисте: «Кім имамға ұйып тұрса, оның қырағаты оған (ұюшыға) қырағат[3]», – делінген. Осы мағыналас аят-хадистерді негізінде ханафи мазхабы бойынша, ұйыған адам (дауыстап және іштей оқылатын)  барлық намазда  тиләуат етпейді.

 

2. Намаздан тыс орында Құран тыңдау.

 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Құран оқыған кезде Мекке мүшріктері жұрт естімесін деп әдейі дауыс шығарып, улап-шулап сөйлесе бастайтын[4].

 

Олардың бұл әрекеті Құран Кәрімде: «Және қарсы келушілер (кәпірлер) «Бұл Құранды тыңдамаңдар, оқылғанда шуылдаңдар. Бәлкім, жеңіске ие боларсыңдар» десті[5]», – деп баян етілген.

 

Демек, мұсылман Құран дискін қосып қойып, Құранға деген құрметін сақтаған күйде өз жұмысын немесе шаруасын істеп отырып, аяттарды тыңдауында ешбір айып жоқ.

 

Әбу Һурайра (р.а.): «Кімде-кім Алла Кітабының бір аятын тыңдайтын болса, оған еселеп сауап беріледі, ал тиләуат етушіге (оқыған аяты) қиямет күні нұр болады[6]», – деген хадис риуаят еткен.

 

 

muslim.kz




Көрілген: 1378    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.08.2021, 10:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қазан, 14:20
    ШАЙТАН МЕН МАҚТАН
    8 Қазан, 17:35
    Жұма күнгі әдептер
    6 Қазан, 16:26
    ҚАБІР ӨМІРІ
    23 Қыркүйек, 19:49
    «Иманды болсын» демеңіз!
    22 Қыркүйек, 19:16
    ҮЙГЕ ДЕ КӨЗ ТИЕ МЕ?
    22 Қыркүйек, 14:24
    ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ
    13 Қыркүйек, 17:18
    Тұмар тағуға бола ма?
    10 Қыркүйек, 19:06
    ШАЙТАН НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
    30 Тамыз, 11:39
    НАМАЗДА КӨЗДІ ЖҰМУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31