Ислам діні

Жүректі тазарту жолдары

  • http://ihsan.kz/

    http://ihsan.kz/

Мұхаммед Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):  «Расында, денеде бір шайнам ет бар, ол түзу болса, қалған дене бүтіндей түзеледі, ол бұзылса, қалған дене түгелімен бұзылады. Біліп қойыңдар, ол &ndash жүрек» деген. (Бұхари, Муслим).

 

Жүректі сақтау &ndash оны тек физикалық тұрғыдан дертке душар етпей ұстау деген сөз емес. жүректі Аллаға деген махаббатпен, Құран кәріммен нұрландырып, күнә істерден сақтай аламыз. Күнәға бой алдырған сайын, жүректегі иман нұры қаша бастайды. Иманды қуаттау арқылы жүрекке нұр құйылады. Алла Тағала: «Сондай иман келтіргендер; Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын; Алланы еске алумен жүректер орнығады» ( «Рағыд» сүресі, 28-аят) дейді.

 

Адамдардың бәрі бірдей болғанымен, олардың жүректері әр түрлі емес пе?  Амалымыз жеткілікті дәрежеде болмай жатса, Ислам, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) немесе ұстазыңыз кінәлі емес, жүректе ақау бар деген сөз. Мұндайда жүректі емдеудің Құран мен хадисте көрсетілген әдістеріне көңіл бөлген жөн.

 

 1. Жүрегіңізді нұрландыратын жолдың алғашқысы &ndash Құранды көбірек оқыңыз.  Құран &ndash бұл дүние өзінің соңына жеткенше жасайтын, күллі адамзат үшін өмірдің барлық салаларында (қоғамдық, әлеуметтік, экономикалық және моральдық) ең жоғары дәрежелі кемел үлгісі болатын Хақ кітабы. Құран Кәрім сөздері адамзатты надандықтан, зұлымдықтан, қараңғылықтан жарық жолға &ndash ілім жолына, мәдениет жолына бастайды.

 

Құран оқу &ndash құлшылыққа жатады. Сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өз хадисінде былай делінеді: «Сендердің ең жақсыларың &ndash Құран оқығандарың және оны басқаға үйреткендерің» (Осман ибн Аффаннан Бухари, Муслим риуаят еткен).

 

Құран &ndash Алланың берік тұтқасы әрі ашық нұры. Ол тұтқадан ұстағанды Алла Өзі сақтап, ол нұрға ергендерді Алла Өзі құтқарады. Алла Тағала Құранның бір уақытта емес, белгілі уақыттар арасында бөлім-бөлім болып түсірілу себебін «адамдардың дінде тұрақты болуы үшін» деп түсіндіреді: «Және кәпір болғандар «неге оған (Пайғамбарға) Құран бір бүтін жинақ болған түрде түсірілмеді?» десті. Біз оныменен (Құранмен) жүрегіңді бекем (тұрақты) ету үшін осылай (бөлек-бөлек түрде) түсірдік және (саған) оны (Құранды) анық етіп оқыдық. Олар саған бір мысал келтірсе, Біз саған (ол мысалға жауап ретінде) ақиқатты және көркем түсінікті келтірдік» («Фурқан» сүресі, 32-33-аяттар). Құран жүрекке иманды орнатып, Алламен болатын байланыс арқылы нәпсіні тазалайды. Және адам жүрегі Алланы еске алумен тыныштық табады.

 

 2. Жүрегіңізді күнәдан алыстататып, нұрландыратын екінші жолы &ndash ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір жолын көбірек оқыңыз. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянын оқу арқылы дініңіз туралы сұрақтарға жауап алып, тұрақтылығыңыз артпақ, иманыңыз кемелденбек. Исі мұсылман үшін бес күн жалған дүниеде Пайғамбар  (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен алар өнеге көп-ақ. Демек, мұсылманның өмірдегі басты мақсаты &ndash Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетіне еліктей білу.

 

Алла Тағала пенделеріне: «Алладан, ақырет күнiнен үмiттенгендер мен Алланы еске алып тұратындар үшiн Алла Елшісінде (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әлбетте, тамаша өнегелер бар» деп баяндайды («Ахзаб» сүресі, 21-аят)

 

 3. Садақа беруді әдетке айналдырыңыз. Адамға жасаған әрбір жақсылығыңыз да жүрегіңізді нұрландырады. Әдетте, біз біреуге көмек көрсетіп, қуаныш сыйлау арқылы артынша сол адамның қуанышты жүзін көріп өзімізде қуанып қаламыз. Әр садақа берген сайын бір бәленің басы қайтарылады. Сауап аласыз. «Садақа ретінде берілген бір үзім нан Алла Тағаланың алдында Ухуд тауындай үлкейеді» деген  (Табарани).

 

Егер ойлансаңыз, сіздің қолыңыздан көп жақсылықтар келетіні анық. Міне, біреуге жақсылық жасау арқылы да сіз жүрегіңізді нұрға бөлей аласыз.

 

4. Көп дұғада болыңыз. Алла Тағаламен байланысын үзбеуі, үнемі дұғада болуы. Егер жүрегіңізге тыныштық сыйлап, жамандықтан тазартқыңыз келсе, мына дұғаны оқыңыз. Бұл &ndash имам әл Бухаридің жинағындағы Зәйид ибн Аркамадан, (оған Алла разы болсын) келтірілген хадистегі ұзақ дұғаның үзіндісі (Сахих Мүслім 2722 хадис). 

 

 «Аллахумма әти нафси тәқуәһә уә зәккиһа әнтә хайру мән зәккәһа әнтә уәлийухә уә мәуляха»

 

اللهم آت نفسي تقواها وزكها أنت خير من زكاها أنت وليها ومولاها

 

«Иә Алла! Менің жүрегіме тақуалық орнатып, оны тазарта гөр! Расында Сен &ndash Ең жақсы Тазартушысың әрі Сен &ndash Қорғаушымыз бен Иемізсің!»

 

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) таң намазына барар жолда нұр сұраған дұғасы келтіріледі: «Ей, Алла, жүрегімді нұрландыр, тілімді нұрландыр, құлағымды нұрландыр, жанарымды нұрландыр және маған үстімнен нұр бер, астымды нұрландыр, маған оң жағымнан нұр бер, маған сол жағымнан нұр бер, алдымды нұрландыр, артымды нұрландыр, ішкі дүниеме нұрды жайластыр және мен үшін нұрды ұлы ет, мен үшін  нұрды үлкен ет, маған нұр ендір, мені нұр ет!...» (Муслим) деген.

 

 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты Балқаш қалалық мешіті

Ihsan.kz

 

 




Көрілген: 1876    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.02.2021, 08:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 14:29
    ҺАШИМ ЖӘМИЛ ОҚИҒАСЫ
    2 Сәуір, 01:26
    ШАРИҒАТ ДЕГЕН НЕ?
    24 Наурыз, 13:45
    ИМАН НЕДЕН ӘЛСІРЕЙДІ?
    22 Наурыз, 01:25
    БАЙҒЫЗ
    16 Наурыз, 18:37
    ҰЛЫЛАРДЫҢ ОРАЗАСЫ
    10 Наурыз, 19:59
    Сүрме жағу сүннет пе?
    6 Наурыз, 01:59
    ШЫНАЙЫ ДОС ДЕГЕН КІМ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30