Жүректің тәубесі: 4 белгі, 4 уәжіп, 4 құрмет

Жүректің тәубесі: 4 белгі, 4 уәжіп, 4 құрмет

Пайғамбар ﷺ хадисінде айтты:   «Тілімен кешірім сұраушы, кейін күнәсін жалғастырушы кісі, тура Раббысын мазақтаушы сияқты». Рабиға р.а. айтқан екен: «Біздің күнәларымыздың кешірілуін сұрауымыз, көп истиғфар айтуға мұқтаж болады, яғни тілмен кешірім сұрайды, ал ниетінде тағы күнә істеу тұрады. Бұл тәубе &ndash өтірікшілердің тәубесі. Бұл тәубе емес, Шын тәубе &ndash тілімен және жүрегімен кешірім сұрау, сондай-ақ екінші мәрте осы күнәні істемеуге ниет ету. Егер осылай істесе, Алла Тағала тәубесін қабыл етеді, ол қандай ауыр күнә болса да. Өйткені, Алла Тағала пенделеріне Рақымды.

 

Ибн Аббас р.а.: «Алла Тағала құранда: «Ей, иман келтіргендер, Аллаға шын жүрекпен тәубе етіңдер» деген. Шын жүрекпен тәубе ету &ndash өкіну және тілімен кешірім сұрау, жүрегіне ешқашан ол күнәні істемеймін деп бекіту», - дейді.

 

 

Ғұламалардың айтуынша тәубе еткен кісінің тәубесі 4 нәрседен білінеді:

 

1. Тілін артықша көп сөздерден, ғайбат және өтіріктен тыйылуынан;

 

2. Біреуге көреалмаушылық және кек сақтамаудан;

 

3. Жамандық иелерінен (әдеп еткендерінен) ажыралуынан;

 

4. Өлімге дайын күйде болуынан: өткен күнәлары үшін кешірім сұрауы, өкінуі және Алланың ғибадаттарын орындауымен білінеді.

 

Кейбір ғұламалардан: «Тәубе етушілердің тәубесі қабыл болды ма, жоқ па екендігін білдіретін белгілер бар ма?», - деп сұрағанда, ол кісілер: «Бар»,- деп жауап берген екен.

Оның белгісі төртеу:

 

1. Жамандық иелерінен ажырауы (бұрыңғы істеген жаман әдеттері мен қылықтарын тастауы) оларды өзі үшін қорқынышты көруі және жақсы адамдарға қосылуы;

 

2.  Күнәлардың барлығын тастауы және барша ғибадаттарға беттеген халде болуы;

 

3. Оның жүрегінен дүние қуаныштарының барлығы кетіп, әрдайым ақырет уайымының кіруі;

 

4. Алла Тағаланың оған берген ризығын өз нәпсісінен ажыраған халде көруі және Алланың бұйырған нәрселерімен шұғылдануын өз бойынан көруі.

 

Егер жоғарыдағы белгілер кімде болса, ол адам, тәубесі қабыл болған адамдардан. Алла Тағала олар туралы айтады: «Әлбетте, Алла Тағала тәубе етушілерді және өздерін әрдайым таза ұстағандарды сүйеді» («Бақара» сүресі, 222-аят).

 

Тәубесі қабыл болған адамдар үшін басқа адамдарға 4 нәрсе уәжіп болды:

 

1. Адамдар оны жақсы көруі, өйткені Алла Тағала оны жақсы көреді;

 

2. Оның тәубесі мықты болуы үшін, оны дұғаларда еске алуы;

 

3. Оның бұрыңғы істеген күнәларына мән бермеуі;

 

4. Онымен бірге отырулары, бірге дәріс оқулары және жәрдем берулері.

 

 

Алла Тағала оны 4 нәрсемен құрмет етеді:

 

1. Алла Тағала оны күнәлардан шығарып қояды, дәл күнә істемегендей;

 

2. Алла Тағала оны жақсы көреді;

 

3. Оған шайтанды еге етіп қоймайды, одан сақтайды;

 

4. Ол адам дүниеден өтпес бұрын, оны қорқудан аман сақтайды. Өйткені, Алла Тағала: «Әлбетте, Раббымыз Алла деп, сосын (жалғыз Аллаға ғибадат етуде) туралықты мықты болғандардың алдарына (өлім уақытында) періштелер түсіріп, «Қорықпаңдар және уайымдамаңдар. Сіздерге уәде етілген Жәннатың қуанышты хабарымен қуанышқа бөленіңдер», («Фиссәләт» сүресі, 30-аят) - дейді. 

 

 

Валиев, Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы 

ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста