Ислам діні

Журналист қыз вахабистерге кімдерді жатқызатынын тізіп айтып берді

  • Журналист қыз вахабистерге кімдерді жатқызатынын тізіп айтып берді

    Журналист қыз вахабистерге кімдерді жатқызатынын тізіп айтып берді

Егер «сахабалар əйелдерін сыйға тартқан» деген сөзді біреудің аузынан естісеңіз, ол «халял никях» деп қыздарды алдайтын жиһадист.


Егер: «Хиджап кимеген, намаз оқымаған діннен шығады» деп айтатын болса, ол вахабист! Өйткені намаз оқымайтындар тек қана күнəһар саналады! Оларды кəпір деуге ешкімнің хақысы жоқ!


Ең бірінші парыз кəлима: «Лə илəһə илла АЛЛАҺ, Мухаммадур РасулАЛЛАҺ» деп айтқанның бəрі мұсылман!


Егер сіз өмірден алынған қазақы мақалдарды айтқанда, біреу сізге «ол мақал ғой, қазақ айта береді» дей берсе, ол вахабис-салафит!


Егер біреу барлық дəстүрді жоққа шығарса, ол да бір вахабист-салафит, Құранның аяттарының тəпсірін білмейтін! Өйткені Құранда жазылған əр ел шариғатқа қайшы келмейтін əдет-ғұрыптарын дінмен сабақтастырып өмір сүруі керек деген! Ал, халифат ешқашан құрылмайды! Ол да Құранда жазылған!


Ал, кімде-кім ЖАББАР Иеміз «аспанда, көкте, жерде, оның көзі бар, қолы бар, отырады, тұрады» деп Жаратқанның сипаты мен мекеніне таласатын болса, олар не тəңіршілдер, не вахабистер, сосын өздерін салафитпіз деп жүргендер!


Құдай «Ықылас» сүресінде керемет сипатталған! Ол сондай тумаған да, ешнəрсеге мұқтаж емес, барлық нəрсе Оған мұқтаж, Оның баласы жоқ, Ол Жалғыз! Дəстүрлі дінімізді насихаттаушы имамдарды «бидғатшы» деп жүргендерде жат ағымдағылар! Олардан сақ болыңыздар! «Аш бəледен, қаш бəле» деген ғой!


Мөлдір Нұрманжурналист


Ақпарат Мөлдір Нұрманның блогынан алынды.




Көрілген: 1918    Пікірлер: 0

сенбі, 08.12.2018, 15:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Наурыз, 11:54
    Қайыршыны зекіме
    18 Ақпан, 12:06
    Дін туралы аңыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31