ҚАБІРСТАНДЫ ЗИЯРАТ ЕТУ ЕРЕЖЕСІ МЕН ТӘРТІБІ

ҚАБІРСТАНДЫ ЗИЯРАТ ЕТУ ЕРЕЖЕСІ МЕН ТӘРТІБІ

«Қабір» сөзінің түбірі араб тіліндегі «қабр» – көр, мола ұғымдарын береді. Ал «стан» сөзі парсының мекен, жай ұғымдарын білдіретін қосымша сөз тіркесі. Ал қазақ халқында қабістан мазар, мола, қорым, бейіт, зират, көрхана деген сөздермен табиғы географиялық орналасуына қарай түрліше аталады.

 

Демек, қабірстан – қайтыс болған марқұмдарды қоятын мекен екені белгілі жайт. Алла Тағала айтты: «Әй, адамдар! Сендерді және сендерден бұрынғыларды жаратқан Раббыларыңа құлшылыққылыңдар! Ол сондай Алла, сендерге жерді төсек, аспанды төбе етіп жаратты. Әрі көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендер үшін әртүрлі өсімдіктен ризық шығарды. Сондықтан, біле тұра Аллаға серік қоспаңдар!» («Бақара» сүресі, 21-22-аяттар). Осы тұста, шариғат жолымен қабірстанды зиярат ету ережелері мен тәртіптеріне қысқаша тоқталып өтуді жөн санаймын.

 

1. Әуелі зиярат етуші адам ниетті дұрыстауы қажет. Яғни, ниет бір Алла тағаланың разылығы үшін болу;

 

2. Зиярат кезінде дәрет немесе ғұсыл (бойдәрет) алып шығу;

 

3. Үйден шығарда екі рәкағат сапар намазын оқу; (Бұл екі ракат намаз жол азабынан, қауіп-қатерден сақта деген мағынада оқылады)

 

4. Зиярат етудің негізгі мақсаты – тарихи жерлермен танысу және сол жерде жатқан марқұмдардың ақысына дұға ету болуы керек;

 

5. Қабірстанға кірген кезде сәлем беру;

 

6. Мазар ішінде орта жүріспен, жәй жүру;

 

7. Қабірды сипаудан, сүюден, айналудан (тауаф етуден) сақтану; (Қабірды сүю, қолмен сипау, көзге сүрту, т.б. амалдар жасау өзге діндегілердің ұстанатын мәселесі болып табылады)

 

8. Қабір үстін баспау керек. Өйткені, қабыр үсті – мәйіттің ақысы. Екі қабірдың ортасынан өтерде тәкбир, тасбих, тахлил, дұға ету ләзім. Қабір ішінде «Аллаһу акбар» немесе «Аллаһу Акбар, Аллаһу акбар, Ләә иләһә Иллаллаһу, Аллаһу акбар, Аллаһу Акбар уа лиллаһи-л-хамд» деп айту;

 

9. Құран бағыштауда құбыла тарапқа қарап оқыған жөн;

 

10. Дұға – тілекті тек бір Алла тағаладан тілеу; (Яғни, мазар басына барып, сол жерде жатқан әруақтардан тілеуге болмайды. Барлық тілек пен дұғаның өтеуін Алла Тағала ғана береді)

 

11. Қабірге қарап дәрет сындырудан, түкіруден, т.б. жағымсыз іс-әрекеттен аулақ болу; (пайғамбарамыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қабірстандағы-ларды тірі кездегідей құрмет етуді бұйырған)

 

12. Қабірстанның ішінде ғайбат сөз айтудан, боғауыз сөздерден тыйылу;

 

13. Зиярат орындарында темекі, насыбай, ішімдіктер ішуден сақ болу;

 

14. Кесенелер мен мазарларға оң аяқпен кіріп, сол аяқпен шығу – марқұмға деген құрметтің бір түрі;

 

15. Әулиелі жерлерде түнеу мәселесі дінде көрсетілмеген;

 

16. Мазарға қарап намаз оқудан мүмкіндігінше сақтанған жөн. Бұл жөнінде Пайғамбармыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Қабірлерге қарап намаз оқымаңдар және олардыңүстіне отырмаңдар» (Имам Мүслим).

 

17. Мазарға барып, қабір жанында құрбандық шалуға болмайды;

 

18. Қорым немесе кесене ішінде тамақ жемеу;

 

19. Қабір немесе кесенелердің төрт бұрышына шамшырақ жағу – діндегі тыйым салынған амалдардың бірі. Бұл амал бақсы-балгерлердің ойдан жасап алған амалдары.

 

20. Зиярат жасаушы әйел кісілер (қыз баласы) басына орамал, денесіне жабық киім кию;

 

21. Зиярат ету барысында көпшілікке діни уағыз айту – жақсы амалдардың қатарынан саналады. Жалпы, адам баласы бір-бірін жақсылыққа шақырып, жаман-дықтан қайтаруы тиіс;

 

22. Мазар басына қымбат тастар, күмбез орнату – ысырап. Ең дұрысы, зиярат жасауға кететін қаражатты жетімдер үйіне немесе жоқ-жітіктерге берудің сауабы жоғары екенін түсінген жөн;

 

23. Мазарларға мүсіндер орнату, тастарға марқұмның суретін салдыру – дінге қайшы;

 

24. Мола жанындағы өсіп тұрған ағаштарға шүберек, мата байлау шариғатқа қайшы;

 

25. Мазар басында жылап-сықтау – мәкрүһ (мәкрүһ – ұнамсыз деген сөз).

 

26. Мазар басында дауыс көтеруден, әзілдесуден сақтану;

 

27. Құран тіләуат ету, жақсы тілектермен дұға жасау, садақа беру сияқты қайырлы істердің сауабын мәйітке бағыштау;

 

28. Молада жатқан марқұмдардың өмірдегі жақсылықтарын еске алу сауапты амал болып саналады. Дініміз де қайтыс болған адамның өмірдегі тек жақсы амалдарын айтуға бұйырады. Ал, оның өмірдегі күнә істері мен теріс амалдарын айтудан сақтанған жөн.

 

Мұхамеджан Естеміров

 mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста