Ислам діні

Қадір түнінде мешітте орындалатын діни рәсімдер онлайн түрде өтеді

  • Қадір түнінде мешітте орындалатын діни рәсімдер онлайн түрде өтеді

    Қадір түнінде мешітте орындалатын діни рәсімдер онлайн түрде өтеді

Қадір түнінде мешітте орындалатын діни рәсімдер онлайн режімде өтеді. Бұл жайында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Қадір түніне қатысты мәлімдемесінде.

«Өздеріңізге белгілі, еліміздегі және әлемдегі көптеген қоғамдық іс-шаралар мен жиындар онлайн режимде өтуде. Оның басты себебі пандемиялық жағдайды одан сайын күрделендірмеу екені белгілі. Өйткені, жұқпалы дертпен оқшаулану арқылы ғана күресудің маңызы күн сайын артуда. Әлемдік тәжірибеде коронавируспен күресудің оқшаулану тәсілі оң нәтижесін беріп жатқанын жақсы білеміз», – делінген мәлімдемеде.
Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі пандемиялық жағдайды ескеріп, қауіпті дерттің таралуын алдын алу үшін қасиетті Қадір түнінде мешітте орындалатын діни рәсімдер онлайн режімде өтетінін хабарлады.

Осы ретте Қадір кешін үйде өткізу қажеттігін қаперлеріңізге саламыз. Халықтың денсаулығы мен өмірі бәрінен қымбат құндылық болғандықтан, осындай уақытша шешімді дұрыс қабылдауларыңызды және тәртіпке бағынуларыңызды сұраймыз. Әр адам өзінің отбасы мен қоғам алдындағы азаматтық әрі адамгершілік жауапкершілігін терең сезініп, жұқпалы дерттің таралмауына үлес қосса, Алланың жәрдемімен бұл сынақты да еңсереміз. Алла Тағала «Бақара» сүресінің 195-аятында: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар», – деп бұйырған. Бұл аят баршамызға өмірлік ғибрат болуы тиіс», – деді басқармадан.

aikyn.kz




Көрілген: 1218    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.05.2021, 00:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 20:42
    ҰЯЛУ ҚАЙ КЕЗДЕ АЙЫПТЫ?
    5 Мамыр, 19:00
    «ҚАДІР» СҮРЕСІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30