Ислам діні

Қажылық және умра

  • Қажылық және умра

    Қажылық және умра

 Қажылық және умра амалдарын орындау барысында тек бір Алланың ғана разылығын көздеп, Оған жақындауды басты назарда ұстаңыз. Атаққұмарлық пен мақтаншақтыққа, жалған атаққа және рияшылдыққа жол бермеңіз.

Сапарға шыққанға дейін берешек қарыздарыңызды өтеңіз. Қолыңызда аманат заттар болса иесіне қайтарыңыз немесе сапарға шыққалы тұрғаныңыз жайында ескертіңіз.

Өткен күнәларыңызға шынайы өкініп, тәубе етіңіз. Жасаған күнәларыңызды қайта жасамауға шешім қабылдап, Алла тағалаға уәде беріңіз.

Өзгелерге зияныңыз тиіп, әділетсіздікке жол беріп қойған болсаңыз, міндетті түрде кешірім сұраңыз. Егер ол әділетсіздік мал-дүниеге байланысты болса, оны иесіне қайтарып, ризашылығы алыңыз.

Қажылық және умраға адал жолпен тапмен қаражатыңызды жұмсаңыз. Себебі Алла тағала барлық кемшіліктен Пәк әрі лас нәрседен пәк нәрсені ғана қабыл етеді.

Кез-келген жамандық атаулыдан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Өзгеге қолыңызбен де, тіліңізбен де зиян келтіруден сақ болыңыз. Қажыларды балағаттап, өсек айтпаыз. Дауласып, жанжалға жол бермеңіз. Өтірік сөз сөйлемей, тек көркем түрде мәміле жасаңыз.

Қажылық және умра амалдарын жасауда қателікке ұрынбас үшін, үкімдерін үйреніңіз.

Міндеттелген барлық парыз амалдарға, әсіресе бес уақыт намазды жамағатпен оқуға көңіл бөліңіз. Құран оқып, зікір ету, дұға жасау амалдарын үзбеңіз. Адамдарға жақсы сөз сөйлеп, әрдайым мұқтаждардың жанынан табылуға тырысыңыз. Кедей-кепшіктерге көмек беріп, садақа таратыңыз. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтаруға ұмтылыңыз.

Жолсерік ретінде жаныңызға ізгі, салиқалы, өзіңізді жамандыққа шақырмайтын кісілерді іздеңіз.

Сапар барысында көркем мінезді, байсалды, сабырлы, жұмсақ, кішіпейіл, әділ, жомарт, шыншыл және ұялшықтық секілді мінездер бойыңыздан табылсын. Себебі ихрамға кірген қажының әрбір сөзі мен ісін тақуалық басқаруы тиіс.

Сапарға шығар алдында отбасыңызға Аллаға бойсұнуды, тақуалықты ту етуге шақырыңыз.

Сапар барысында Пайғамбарымыз үйреткен дұғалар мен зікір айтуды ұмытпаңыз.


muftyat.kz




Көрілген: 815    Пікірлер: 0

сенбі, 06.07.2019, 17:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Тамыз, 14:06
    Қарыз алу дұрыс па?
    10 Тамыз, 11:21
    ҚҰРБАН ШАЛУ ҚИССАСЫ
    26 Шілде, 11:20
    Адам-ол кім?
    6 Шілде, 17:17
    Қажылық және умра
    1 Шілде, 20:56
    Ең осал адам кім?
    20 Маусым, 13:46
    Аса қауіпті түн!
    3 Маусым, 17:09
    Ер мен әйел тең бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31