Ислам діні

Қажылыққа әйелдер жалғыз бара алмайды

  • © Ktk.kz

    © Ktk.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Наиб Мүфти Наурызбай Өтпенов Сауд Арабиясындағы қажылық сапарына бару тәртібін түсіндірді.


"Балиғат жасына толғаннан бастап денсаулығы жараса қажылыққа баруына шектеу жоқ. Үлкен кісілерге, қатты дерті болса, өміріне қауіп болатын болса оларға дәрігерге қаралып, жазылғаннан кейін барғаны дұрыс деп кеңес береміз. Көбінесе 30 бен 50 жас шамасындағы кісілер қажылыққа барады. Үлкен кісілер де өте көп, себебі жақындары сыйлап, оларды қажылыққа жіберіп жатады",- деді мүфти.


Ол Сауд Арабиясы қажылыққа виза мен квота беру тәртібін түсіндірді.


"Ниет білдірушілер көп болса мүмкіндігіміз бар. Сауд Арабиясы талабында ел тұрғындарының 10 пайыздық көрсеткішіне рұқсат квота бөлінеді делінген. Виза бойынша арнайы шектеу жоқ. Визаны қайтару кездеспеді. Ең бірінші шарт, мұсылман болуы керек. Әйелдер жалғыз баратын болса оларға бермейді. Олардың жанында бірге жүретін ер кісі болуы керек",- деп айтты Өтпенов.


BAQ.KZ


 




Көрілген: 1041    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.07.2019, 14:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә
    18 Тамыз, 14:06
    Қарыз алу дұрыс па?
    10 Тамыз, 11:21
    ҚҰРБАН ШАЛУ ҚИССАСЫ
    26 Шілде, 11:20
    Адам-ол кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31