Ислам діні

Қажылыққа барғысы келген қазақстандықтар қандай вакцина алуы қажет – Министр түсіндірді

  • Қажылыққа барғысы келген қазақстандықтар қандай вакцина алуы қажет – Министр түсіндірді

    Қажылыққа барғысы келген қазақстандықтар қандай вакцина алуы қажет – Министр түсіндірді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина алған қазақстандықтардың қажылыққа бару мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жалпы алғанда, қажылыққа бару үшін әр ел өз талабын қояды. Қазір бізде Sinofarm компаниясының вакцинасы бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны аккредиттеді. Яғни, егер қажылыққа қабылдаушы ел ДДҰ-да тіркелген вакцинаның болуын талап етсе, ондай вакцина бізде бар деген сөз. Соны қабылдап, қажылыққа шыға беруге болады", – деді министр.

 
Ведомство басшысы қазақстандық QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу жұмыстары сәтті өтсе, екпенің осы түрін алғандар да қажылыққа бара алатынын еске салды.

"Өзіміздің QazVac бойынша айтсақ, қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелу сатысынан өтіп жатқанымызды білесіздер. Вакцина сол жақта тіркеуден өткен бойда, өзге нарықтарға да жолы ашылады. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан өз вакцинасын клиникалық айналымға іс жүзінде шығарған алтыншы мемлекет. Оны түгел өз күшімізбен жасадық", – деп қосты министр.

Цой сонымен қатар дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген көптеген елдерде, трансұлттық компанияларда мұндай тіркеу процедуралары жылдар бойында қалыптасып қойғанын айтты.

"Оған арналған арнайы қызметтері де бар. Ал бізде жаңадан сондай жүйе орнатылып жатыр. Біз халықаралық қауымдастықтармен интеграцияланып жатырмыз. Тіркелудің алгоритмдерін пысықтап, құжаттарды қалыптап жатырмыз. Яғни үлкен кезең деуге болады. Бұл - Қазақстан үшін жаңа жол. Бірақ бір жағынан серпіліс деуге болады. Сондықтан, тіркелген бойда бүкіл әлем бойынша қолжетімді болады", – деп түйіндеді Алексей Цой.




Көрілген: 746    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.10.2021, 11:19

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Желтоқсан, 11:25
    Жұмақтың не керегі бар?
    21 Қараша, 19:55
    ТӘУБЕ ҚЫЛУҒА АСЫҒЫҢЫЗ
    19 Қараша, 01:03
    Әке-шешемді сатамын...
    16 Қараша, 15:54
    ӘУРЕТТІ ЖАБУ ДЕГЕН НЕ?
    11 Қараша, 10:51
    Ақырғы сәт!
    8 Қараша, 19:42
    Күнә және сауап
    4 Қараша, 16:02
    ӘУЛИЕ БОЛУ ОҢАЙ МА?
    24 Қазан, 00:30
    ТЫЙЫМДАРДЫҢ ХИКМЕТІ
    15 Қазан, 14:20
    ШАЙТАН МЕН МАҚТАН
    8 Қазан, 17:35
    Жұма күнгі әдептер
    6 Қазан, 16:26
    ҚАБІР ӨМІРІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31