Қажылықтың парыздары. Их­рам де­ге­н не?

Қажылықтың парыздары. Их­рам де­ге­н не?

1. Их­рам
2. Ара­фат­та тұ­ру
3. Тауап ету

Их­рам (қа­жы­лық­тың бі­рін­ші па­ры­зы)

 

Их­рам де­ге­ні­міз не?

Қа­жы­лық, ум­ра не­ме­се екеуін бір­ге жа­сау ниеті­мен, бас­қа уа­қыт­та іс­теуіне рұқ­сат кей­бір іс-әре­кет­тер­ді қа­жы­лық, ум­ра уақы­тын­да өзі­не ха­рам қы­лу­ды – их­рам деп айта­мыз.

Их­рам­ға қа­лай кі­ре­ді?

Их­рам­ға қа­жы­лық түр­ле­рі­нің қайсы­сын орын­дай­тын бол­са, со­ны жү­ре­гі­мен ниет етіп, тәл­бия айту ар­қы­лы кі­ре­ді. Бі­рақ ниет­ті тіл­мен айту – мұс­та­хап. Их­рам­ға кі­ру­дің шарт­та­ры­ның бі­рі ға­на бо­лып та­бы­ла­тын «ри­да» жә­не «изар» деп ата­ла­тын екі бө­лік­тен тұ­ра­тын сүл­гі не­ме­се оған ұқ­сас ті­гі­сі жоқ ма­та ха­лық ара­сын­да «их­рам» деп атал­ға­ны­мен, Их­рам ма­ғы­на­сын то­лық қам­ты­майды. Орын­дай­тын қа­жы­лық тү­рін ниет ет­пей, тәл­бия дұ­ға­сын айт­пай, тек қа­на үс­ті­ге ақ, ті­гіс­сіз ма­та ора­ну­мен их­рам­ға кір­ген бо­лып са­нал­майды. Өйтке­ні, ниет пен «тәл­бия» дұ­ға­сы их­рам­ның шарт­та­ры­нан.

 

Қа­жы­лық түр­ле­рі

(Бар­лық қа­жы­лық түр­ле­рі ал­да ке­ңі­нен тү­сін­ді­рі­ле­тін­дік­тен бұл жер­де қыс­қа­ша бе­ріл­ді)

 

1. Иф­рад қа­жы­лы­ғы

Ми­қат­та их­рам­ға кі­рер кез­де тек қа­на қа­жы­лық ғи­ба­да­ты­ның ат­қа­ры­луы ниет етіл­се, бұл қа­жы­лық тү­рі­не «иф­рад» қа­жы­лы­ғы де­лі­не­ді. Иф­рад қа­жы­лы­ғын­да ум­ра­сыз тек қа­на қа­жы­лық ғи­ба­да­ты жа­са­ла­ды. Ақа­ба жәм­ра­сы­на (Үл­кен шай­тан тас) тас лақ­ты­рып бол­ған­нан кейін қа­ла­са құр­бан ша­ла­ды. Өйтке­ні, иф­рад қа­жы­сын орын­да­ған­дар­ға құр­бан ша­лу уә­жіп емес. Со­сын ша­шын ал­ғы­зып не­ме­се қыс­қарт­қы­зып их­рам­нан шы­ға­ды.

 

2. Тә­мат­туғ қа­жы­лы­ғы

Қа­жы­лық айла­рын­да ум­ра үшін их­рам­ға кі­ріп, ум­ра­ны бі­тір­ген соң, сол жыл­ғы Зил­хиж­жа айы­ның се­гі­зін­ші кү­ні не­ме­се одан да бұ­рын қа­жы­лық үшін қайта­дан их­рам­ға кі­ру ар­қы­лы жа­са­ла­тын қа­жы­лық тү­рі­не «тә­мат­туғ қа­жы­лы­ғы» дейді. Тә­мат­туғ қа­жы­лы­ғын­да ум­ра жә­не қа­жы­лық үшін бө­лек-бө­лек их­рам­ға кі­ре­ді. Бұл қа­жы­лық­тың тә­мат­туғ қа­жы­лы­ғы бо­лып са­на­луы үшін ум­ра мен қа­жы­лық­тың қа­жы­лық айла­рын­да сол жыл­да жа­са­луы шарт. Тә­мат­туғ қа­жы­лы­ғын­да ум­ра мен қа­жы­лық­ты бір­ге орын­да­ған­дық­тан шү­кір құр­ба­нын ша­лу – уә­жіп. Қа­зақ­стан­дық­тар кө­бі­не­се тә­мат­туғ қа­жы­лы­ғын орын­дайды.

 

3. Қи­ран қа­жы­лы­ғы

Ми­қат­та қа­жы­лық пен ум­ра­ны бір­ге ниет етіп, бір их­рам­мен іс­те­ле­тін қа­жы­лық­қа – «қи­ран» қа­жы­лы­ғы де­лі­не­ді. Ум­ра­сын тә­мам­да­ған­нан кейін их­рам­нан шық­пай қа­жы­лық амал­да­рын да сол их­рам­мен аяқ­тайды. Қи­ран қа­жы­лы­ғын­да ум­ра мен қа­жы­лық­ты бір­ге орын­да­ға­ны үшін шү­кір құр­ба­нын ша­лу – уә­жіп.

 

Тәл­бия де­ге­ні­міз не?

Тәл­бия – их­рам­ға кі­рер ал­дын­да айты­луы уә­жіп бол­ған жә­не их­рам­ды бол­ған уа­қыт­та мо­лы­нан қайта­ла­нып айты­ла­тын сүн­нет дұ­ға.

{لَبَّيْكَ ألَّلهُمَّ لَبَّيْكَ, لَبَّيْكَ لا شَرِيكَ لَكَ لَبَّيْكَ. إنَّ الْحَمْدَ وَالنِّعْمَةَ لَكَ وَالْمُلْكَ لا شَرِيكَ لَكَ}

«Ләб­бай­кАллаһум­ма ләб­байк, ләб­байка ләә шә­ри­ка лә­кә ләб­байк, ин­нал­хам­да уан­ни'мә­тә лә­кә уал­мул­ка ләә шә­ри­ка ләк».[1] Қа­зақ­ша ма­ғы­на­сы: «Аллаһым, мен се­нің әмі­рің­ді орын­дауға кел­дім, се­нің әмі­рі­ңе бой ұсын­дым (2 рет). Се­нің се­рі­гің жоқ, се­нің әмі­рің­ді орын­дау – ме­нің бо­ры­шым. Кү­мән­сіз бар­лық ма­дақ са­ған тән жә­не жал­пы ие­лік пен нығ­мет се­ні­кі. Се­нің еш се­рі­гің жоқ».

 

Их­рам­ның уә­жіп­те­рі

1. Их­рам­ға бел­гі­лен­ген ми­қат­тар­дың бі­реуін­де кі­ру.

2. Их­рам­да тыйыл­ған нәр­се­лер­ді жа­са­мау.

 

Ми­қат де­ге­ні­міз не?

Қа­жы­ға не­ме­се ум­ра­ға ба­ра­тын адам­дар­дың их­рам­ға оранбай өту­ге бол­май­тын жер­лер­ге «ми­қат» де­лі­не­ді. Қа­сиет­ті Қағ­ба­ны қор­шап тұр­ған ме­кен­дер «Ха­рам», «Хил», жә­не «Әфақ» деп үш ау­мақ­қа бө­лі­не­ді. Қа­жы­лық жә­не ум­ра ғи­ба­да­тын орын­дауға ке­ле­тін адам­дар осы ау­мақ­тар­ға қа­рай их­рам­ға кі­ре­ді.

 

1. Ха­рам аума­ғы

Же­бі­рейіл пе­ріш­те­нің көр­се­туі ар­қы­лы Иб­ра­һим (а.с.) та­ра­пы­нан бел­гі­ле­ніп, кейін­нен Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) та­ра­пы­нан қайта­дан біл­ді­ріл­ген, өсім­дік­те­рі­нің жұ­лы­нуына жә­не аң­да­ры­ның, жал­пы жан-жа­нуар­ла­ры­на зиян ти­гі­зу­ге тыйым са­лын­ған Мек­ке жә­не оның айна­ла­сын­да­ғы қа­сиет­ті мү­бә­рак жер­лер «Ха­рам аума­ғы» де­лі­не­ді.

Мек­ке­лік­тер қа­жы­лық­қа Ха­рам аума­ғы­ның ішін­де их­рам­ға кі­ре­ді. Ал, ум­ра үшін Ха­рам аума­ғы­ның сыр­тын­да­ғы Хил аума­ғы­на ең жа­қын ор­на­лас­қан Тан'им­ға ба­рып их­рам­ға кі­ре­ді.

 

 

2. Хил аума­ғы

Ха­рам аума­ғы мен Ми­қат жер­ле­рі­нің ор­та­сын­да­ғы ме­кен – Хил аума­ғы. Бұл ау­мақ­та тұ­ра­тын­дар Ха­рам аума­ғы­ның сыр­ты­нан өз­де­рі­нің тұ­рып жат­қан жер­ле­рі­нен их­рам­ға кі­ре­ді.

 

3. Әфақ аума­ғы

Ха­рам жә­не Хил ау­мақ­та­ры­ның сыр­тын­да­ғы ау­мақ­тар – Әфақ аума­ғы. Әфақ аума­ғы­нан Ха­рам аума­ғы­на не­ме­се Мек­ке­ге ке­ле­тін­дер­дің их­рам­сыз өту­ле­рі­не бол­май­тын бес жер­ді Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) ми­қат ре­тін­де бел­гі­ле­ген.

Бұл бес ми­қат:

1. Мә­ди­на жа­ғы­мен ба­ра­тын­дар үшін – «Зул­ху­лайфә», Мә­ди­на қа­ла­сы­на 10 км жа­қын. Қа­зір бұл жер – «Әбәр Али» деп ата­ла­ды (Қа­зақ­стан­дық­тар кө­бі­не­се осы жер­ден их­рам­ға кі­ре­ді).

2. Мы­сыр жә­не Си­рия та­ра­пы­нан ба­ра­тын­дар үшін – «Жух­фа», Мек­ке­ден 187 км ұзақ.

3. Нәжд жә­не Кувуейт та­ра­пы­мен ба­ра­тын­дар үшін – «Қар­нул-Ма­на­зил», Мек­ке­ден 96 км ұзақ.

4. Йе­мен жа­ғы­мен ба­ра­тын­дар үшін – «Иа­лам­лам», Мек­ке­ден 54 км ұзақ.

5. Ирак жа­ғы­мен ба­ра­тын­дар үшін – «Зә­тул-ғирқ», Мек­ке­ден 94 км ұзақ.

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) өзі­нің ха­дис­те­рін­де осы жер­лер­ді ми­қат ре­тін­де та­ғайын­да­ған.[2] Мі­не, сон­дық­тан қа­жы­лық­қа не­ме­се ум­ра­ға ба­ра­тын адам бұл жер­лер­дің қайсы­сы­нан өт­се, сол жер­ден их­рам­сыз өту­ге бол­майды. Өйтке­ні, Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Еш­кім ми­қат­тан их­рам­сыз өт­пе­сін», –деп бұйыр­ған. Бұл жер­лер­ге жет­пес бұ­рын их­рам­ға кі­ріп алу­ға да бо­ла­ды.

Сыр­ттан қа­жы­лық жә­не ум­ра үшін кел­ген­дер ми­қат­тан их­рам­сыз өтіп кет­кен жағ­дайда, құр­бан ша­ла­ды не­ме­се ке­рі қай­тып, ми­қат­та их­рам­ға кі­ре­ді.

Их­рам­ға кір­ген адам­ға тыйыл­ған нәр­се­лер

1. Их­рам­ға кір­ген адам­ның де­не­сі­не байла­ныс­ты тыйым­дар:

Ша­шын, са­қа­лын, мұр­тын алу не­ме­се қыс­қар­ту
Қол­тық­тың ас­тын­да­ғы жә­не жал­пы де­не­де­гі түк­тер­ді жұ­лу не­ме­се қыс­қар­ту
Тыр­нақ алу
Шаш, са­қал жә­не мұрт­қа май жа­ғу не­ме­се бояу
Әйел­дер­дің бояну­ла­ры (лак, да­лап, т.б.)
Де­не­ге не­ме­се их­рам­ға хош иіс се­бу жә­не иіс са­бын қол­да­ну

2. Киім­ге байла­ныс­ты тыйым­дар:

Ті­гіл­ген киім кию. Ті­гіл­ген киім­дер­ді суық­та иық­қа жа­бу­ға не­ме­се де­не­ге жа­бу­ға бо­ла­ды. Бі­рақ жап­қан уа­қыт­та қо­лын киіп, түйме­ле­рін түйме­леуге бол­майды.
Изар мен ри­да­ның[3] шет­те­рін сө­гі­ті­ліп кет­пеу үшін ті­гу­ге, жыр­ты­ғын жа­мауға рұқ­сат. Ақ­ша са­лу үшін ті­гіл­ген ар­найы қап­шық, бел­дік сияқ­ты нәр­се­лер­ді, ыс­тық­тан қор­ға­ну үшін ті­гіл­ген қол­ша­тыр­ды қол­да­ну­ға бо­ла­ды.

Бас­ты не­ме­се бет­ті жа­бу. Та­қия кию, сәл­де орау, т.б.
Қол­ғап, шұ­лық кию
Киім­ге байла­ныс­ты тыйым­дар тек қа­на ер­кек­тер үшін. Әйел­дер әдет­те­гі­дей киіне­ді.

 

3. Ха­рам аума­ғы­на байла­ныс­ты тыйым­дар:

Мек­ке қа­ла­сы­ның жә­не жан-жа­ғын­да­ғы «Ха­рам» деп ата­ла­тын ау­мақ­тың аң­да­рын аулау, өсім­дік­те­рін жұ­лу не­ме­се ша­бу их­рам­ды адам­дар­ға да, их­рам­сыз адам­дар­ға да ха­рам.

 

4. Жал­пы тыйым­дар:

Әйелі­мен жы­ныс­тық қа­ты­нас жасау, сүйісу, құ­шақ­та­су, жал­пы нәп­сі­ні қоз­ды­ра­тын бар­лық нәр­се­лер­ді іс­теу.
Дін­де ха­рам бол­ған іс­тер­ді жасау.
Мұ­сыл­ман бауыры­мен таласу, ере­ге­сіп, ұры­сып, тө­бе­ле­су, жа­ман сөз айту, бі­реуді рен­жі­ту. Аллаһ Та­ға­ла Құ­ран­да бы­лай дейді: «Қа­жы­лық бел­гі­лі (Шәууал, Зил­қағ­да, Зил­хиж­жа­ның ал­ғаш­қы он кү­ні) ай­лар­да. Кім­де-кім бұл ай­лар­да қа­жы­лық­ты мін­дет­тен­се (мы­на­лар­ды біл­сін!) әйелі­мен жа­қын­да­су­ға, кү­нә іс­теуге жә­не жан­жал­да­су­ға бол­майды».[4]
Аң аулау.

Их­рам­да­ғы­ға рұқ­сат іс­тер

Иіс са­бын қол­дан­бау шар­ты­мен жуыну
Кө­лең­ке­де оты­ру не­ме­се қол­ша­тыр қол­да­ну
Де­не­нің түк­те­рін тү­сір­меу шар­ты­мен қа­сы­ну
Сын­ған тыр­нақ­ты тү­сі­ру
Тіс пас­та­сы­мен тіс жуу жә­не көз­ге сүр­ме жа­ғу
Их­рам киім­де­рін жуу не­ме­се ауыс­ты­ру
Жү­зік, сыр­ға, қол са­ғат қол­да­ну
Әтір са­та­тын дү­кен­де оты­ру
Гүл­ді не­ме­се же­міс­ті иіс­кеу
Ба­сын жә­не жү­зін жап­пау шар­ты­мен де­не­сін көр­пе­мен жа­бу
Зияны тие­тін жән­дік­тер­ді өл­ті­ру
Бел­дік та­ғу, иық­қа сөм­ке асу

Их­рам­ның сүн­нет жә­не мұс­та­хап­та­ры

1. То­лық жуыну

Их­рам­ға кір­мес бұ­рын де­не­ні то­лық жуу – сүн­нет. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) их­рам­ға кір­мес бұ­рын то­лық жуын­ған.

2. Их­рам­ға кір­мес бұ­рын тыр­нақ алу, шаш тү­зе­ту, қол­тық­тың ас­ты жә­не ұят­ты жер­дің түк­те­рін алу – мұс­та­хап.

3. Ер адам­дар, ті­гіл­ген киім­де­рін ше­шіп, изар жә­не ри­да деп ата­ла­тын екі та­за ма­та­ға ора­на­ды. Изар­мен кін­дік­тен тө­мен қа­рай ора­нып, ри­да­мен жо­ғар­ғы де­не­сін орайды. Бас­та­ры­на еш нәр­се ки­мейді. Аяқ­та­ры­на сүй­рет­пе аяқ киім киеді.

Их­рам­ға кір­ген әйел адам әдет­те­гі киім­де­рін шеш­пейді. Бас­та­ры жа­бық күйде, тек қа­на жүз­де­рі ашық бо­ла­ды.

4. Их­рам­ды бо­лып жүр­ген уа­қыт­та па­рыз на­маз­дар­дан кейін, топ­та­сып жүр­ген бас­қа қа­жы­лар­ға кез­дес­кен уа­қыт­та, жо­ға­ры не тө­мен тү­сіп-шық­қан­да жә­не сә­ре­сі уа­қыт­та­рын­да, жал­пы мүм­кін бол­ған әр жағ­дайда кө­те­рің­кі дауыс­пен тәл­бия айту – мұс­та­хап. Әйел адам тәл­бия айт­қан уа­қыт­та дау­сын қат­ты шы­ғар­майды.

5. Тәл­бия айт­қан­нан кейін кө­бі­рек салауат ай­тып, ар­ты­нан дұ­ға жа­сап, ті­лек тілеу.

6. Их­рам­ға кір­мес­тен (их­рам­ға кі­ру – их­рам киім­де­рін кию­мен емес, қа­жы­лық­қа не­ме­се ум­ра­ға, яки екеуіне бір­дей ниет ету мен тәл­бия айту ар­қы­лы бо­ла­ды) бұ­рын де­не­ні әтір­леу – сүн­нет. Айша ана­мыз мы­на ха­дис­ті риуаят ет­кен: «Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) их­рам­ға кі­рер­де мен оған ең жақ­сы әті­рін жа­ға­тын­мын».[5] Бі­рақ, их­рам­ға кі­ріп қой­ған­нан кейін әтір жа­ғу­ға бол­майды.

7. Их­рам на­ма­зы

Де­не­ні то­лық жу­ған­нан кейін не­ме­се дә­рет ал­ған­нан кейін, их­рам­ға кір­мес­тен бұ­рын, екі рә­кат на­маз оқы­ла­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) Зул­ху­лайфа­да екі рә­кат на­маз оқып, со­сын их­рам­ға кір­ге­ні риуаят еті­ле­ді. Бұл на­маз­дың бі­рін­ші рә­ка­тын­да – «Ка­фи­рун», екін­ші рә­ка­тын­да – «Ықы­лас» сү­ре­сін оқу сүн­нет.

 muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста