Ислам діні

Қарыз алу дұрыс па?

  • Қарыз алу дұрыс па?

    Қарыз алу дұрыс па?

Қарыз – біреуге үстемесіз, қайтарымымен берілетін материалды көмек. Шариғат бойынша, ол рұқсат етілген игі іс.


Қайырымдылық пен садақа Аллаға қарыз болып есептеледі. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Біреуге қарыз бергені үшін ол адамға берген қарызынан да артық сый беріледі» - деген.


Бірде Алла елшісі (с.ғ.с.) жұмақтың есігінен: «Садақаға 10 есе көп сый беріледі, қарызға – 18 есе» дегенді оқып Жәбірейілден (ғ.с.) мұның мағынасын сұрайды. Ол: «Адам өзінде бар бола тұра, сол нәрсені өзгеден сұрай алады, ал тек мұқтаж болғанда ғана қарыз береді» - дейді.


Мұсылмандарға бір-бірінен қарыз сұрауына болады, ал бергені дұрыс. Бірақ қарыз беруші қарыз алушының ол ақшаны теріс істерге (құмар ойындары, ішімдік және т.б.) жұмсайтынын біле тұра, қарыз берсе – харам. Сондықтан қарызды мұқтаж жандарға, отбасын асырауға, т.с.с. жақсы істерге беру керек.


Қарыз алушы адам оны қайтара алатындай болуы тиіс. Ақыл-есі кем, кәмелетке толмағандар мен балаларға қарыз беруге де, алуға да болмайды.


Сондай-ақ, қарызға беріліп жатқан нәрсенің (ақша, егін, көлік т.б. құнды заттар) құны мен мөлшерін нақты білген дұрыс. Қайтарарда дәл сол мөлшерде (кем қылмай), келісілген уақытта беру керек.


Ал үстіне өсім қосып, пайызымен қарыз беруге де, алуға да тыйым салынған.


Қарыз берушіге қарыздан бөлек, қалауыңыз бойынша қосымша сыйлық беруге болады (рақмет ретінде). Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қарыздарыңды әдемі қайтаруға тырысыңдар» - деген.


Хадистердің бірінде қиямет күні адамның күнәлары кешірілуі мүмкін, алайда қарыздары кешірілмейді делінген.


Егерде адамның қарызды қайтаруға жағдайы жоқ болса, шамасы келмесе, ол қарызды кешкен жөн. Себебі қарыз беру – сауапты іс болып саналады.


mazhab.kz




Көрілген: 780    Пікірлер: 0

жексенбі, 18.08.2019, 14:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә
    18 Тамыз, 14:06
    Қарыз алу дұрыс па?
    10 Тамыз, 11:21
    ҚҰРБАН ШАЛУ ҚИССАСЫ
    26 Шілде, 11:20
    Адам-ол кім?
    6 Шілде, 17:17
    Қажылық және умра
    1 Шілде, 20:56
    Ең осал адам кім?
    20 Маусым, 13:46
    Аса қауіпті түн!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30