Ислам діні

ҚАСИЕТТІ КЕШТЕ ҚАНДАЙ ДҰҒА-ТІЛЕК АЙТҚАН ЖӨН?

  • http://mazhab.kz/

    http://mazhab.kz/

Әзіреті Айша (р.а) анамыздың жеткізуіне қарағанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әрбір жылы Рамазан айының соңғы он күнінде ерекше иғтифак (құлшылық жасау) ететін болған. Базбір ғалымдар бұл иғтифакты: «Соңғы он күнде әйелдермен жақындаспау мағынасын береді» деген көзқарасты айтады.

 

Ислам ғұламаларының көзқарасынша Қадыр түнінің ең нақты айтылған мерзімі Убай б. Кааб р.а жеткізген риуаяты. «Ол өзінің бауырының Қадір түні Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтуымен  Рамазан айының жиырма жетінші түні болып белгіленгенін айтады».

 

Ислам ғұламалары осы деректерге сәйкес, қасиетті Қадыр түні Рамазан айының соңғы он күнінде, оның ішінде тақ күндері, тақ күндердің де жиырма жетінші түні болуы ықтималдығын алға тартады. Осы пәтуаның негізінде бүгінгі күні сан мыңдағын мұсылман жұрағаты қасиетті Қадыр түні ретінде Рамазан айының жиырма жетінші түні деп біледі. Осы түні мұсылмандар жаппай Құдай-Тағалаға құлшылық етіп, жасаған күнәлары үшін кешірім сұрап, ақыретінен зор үміт етеді.

 

      Имам Ахмет Ханбалидің жеткізген риуаяты бойынша «Әзіреті Айша (р.а) анамыз Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.):

 

«Қадыр түнініңқасиеттілігіне сай, қалайша дұға етсем болады» деп сұрайды.

 

Сонда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

 

«Аллам, сен кешірімдісің, кешіруді сүйесің, мені кешір» деп дұға етуді ұсынған».

 

Иә, әсілі, адамзат баласы нәпсімен бірге жаратылғаннан кейін, кей шақты мына сынақ  әлемінде аяғын шалыс басып, күнаға бататыны анық. Әрине, мұндай сындарлы шақта ішкі тасырын иманына жеңдіріп, күнәдан бойын аулақ ұстаған болса, құба-құп. Алайда, адам баласы дәйім бір сызықтың бойымен жүріп тұра алмайды. Кейде, адамның аңғармай, алып-ұшып жүріп от басатыны белгілі. Бәлкім, арамызда күнәдан пәк адамдар болуы да әбден мүмкін. Дегенмен, мен күнәдан пәкпін деп көкірек қағуымызға жол жоқ. Пәк болсақ та, басын иген мәуелі ағаштай кішірейгеніміз абзал.

 

 

 

mazhab.kz

 

 




Көрілген: 2006    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.05.2021, 15:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 20:42
    ҰЯЛУ ҚАЙ КЕЗДЕ АЙЫПТЫ?
    5 Мамыр, 19:00
    «ҚАДІР» СҮРЕСІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30