Ислам діні

"Қателік жасадым": Уағызшы Ділмұраттың соңынан ереміз деп сотталғандар өкінішін жеткізді

  • "Қателік жасадым": Уағызшы Ділмұраттың соңынан ереміз деп сотталғандар өкінішін жеткізді

Сауд Арабиясынан елімізге экстрадицияланып, жат ағымды насихаттағаны үшін 8 жылға сотталған Ділмұрат Махаматов талай адамның тағдырына балта шапқан. Оның уағызын ұйып тыңдап, артынан ерген 20-дан астам шәкірті мен сыбайласы түгел түрмеге жабылды. Алайда олардың кейбірі адасқандарын енді түсініп, бармақтарын шайнауда. Темір торға түскендердің өзегін өкініш кернеуде.

«Туған-туысымның ешқайсысымен араласпай кетті. Пәленше қайтыс болды десем, не оған бармайды. Той болатынын айтсам, не оған бармайды. «Бізге баруға болмайды, мама. Сіз де бармайсыз!» - деп маған қоқан-лоққы көрсете бастады», - дейді сотталғандардың бірінің анасы.


Бауыр еті баласының тағдыры астаң-кестеңі шыққан кейуананың айтуынша, жалғыз ұлы мен келіні жат ағымның жетегінде кетіпті. Анасы түгілі, ағайын-туыстың да ақылына құлақ салмаған. Сөйтіп, сәләфизммен санасып жүргенде, ақыры түрмеден бір-ақ шыққан. Енді өзегін өкініш кернеп отыр, дейді анасы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап.


«Баламнан неге олай жасағанын сұрасам: «Мама, кешірші! Мен ақымақ болыппын. Мен Ділмұрат деген кісіні интернеттен ашып оқып, соғын сенім артып едім. Сөйтсем, сәләфизм деген басқа екен. Басқа ағымға кетіп қалыппын. Енді не істерімді білмеймін», - деп кешірім сұрайды. Бірақ қасында жүрген қысқа балақ, сақалдылар қалын сұрап келмеді», - дейді қала тұрғыны.


Елімізде теріс ағымды кеңінен насихаттап келген Ділмұрат Махаматов талай жастың обалына қалыпты. Ресми мәлімет бойынша, ол сәләфизм ағымының оңтүстіктегі көшбасшысы болған. Оның уағыздарын тыңдап, экстремистік қылмысқа барған 20 шақты жігіт анықталған. Осы күні олардың барлығы түрмеде отыр.


«Ділмұрат деген кісінің уағыздарын тыңдайтын едім. Менде білместік болды. Қателік жасадым. Әке-шешемнің жалғыз баласымын, бес балам бар. Үйден безіп, сотталып отырмын», - дейді жазасын өтеуші Биксер Қылышбаев.


Ғаламторда Ділмұрат Махаматовтың аудиожазбаларын тыңдаушылар көп екен. Айтқанына иланып, артынан опық жеп жатқандары да баршылық. Мамандар оның ойдан шығарған теріс пиғылдары қазақ жұртының діни тұрғыдан сан-салаға бөлінуіне әкеп соққанын жасырмайды. Ол үшін туған жер, отан, ту, әнұран маңызды емес, дейді.


«ҚМДБ ұстанатын ұстанымы бойынша, сенім мәселесінде Матруди медресесінің тәлімін үйретеміз. Ол сенімді бұлар бұрысқа шығарады. Және осы бұрысқа шығару арқылы біздің ата-бабаларымыздың ұстанған дәстүрлі Ханафи мәзхабы және Матрудидің теріс-бұрыстығын айтып, жамағатымыздың көзқарасын өзіміздің имамдарға қарсы қояды», - дейді Байғұт баба мешітінің бас имамы, «Ақпарат-насихат» тобының мүшесі Дастан Желеуов.


Ділмұрад Махаматов Сауд Арабиясында ұсталып, елімізге экстрадицияланған. Қылмыстық кодекстің «әлеуметтiк, ұлттық немесе дiни алауыздықты қоздыру» және «терроризмдi насихаттау» бабы бойынша кінәлі деп танылған ол 8 жылға сотталып, түрмеде жатыр. Сонымен қатар судья Махаматовты діни ұйымдарда, мешіттерде, халық көп жиылған жерлерде діни уағыз айту құқықтарынан айырған.


«Өзі уағыз айтқанын растады. Себебін сұрағанымызда, ол өзінше түсінгенін насихаттағанын айтты. Бірақ мұндағы біздің мамандар, теологтар өз қорытындысын берген уақытта уағыздарын дұрыс түсінбеушілікпен айтқанын анықтады. Сараптама бәрін көрсетті», - дейді Әл-Фараби ауданық сотының судьясы Сәбит Төреханов.


Дәстүрлі дін өкілдері жат ағымның жетегінде кеткендердің қателіктерін түсініп, түзелсе әрекеттерін кешіруге дайын. Ал әзірге бізге ең алдымен ұлттық ерекшелігімізді дәріптеп, ұлттық құндылықтар туралы түсінікті санаға сіңіру қажет деп санайды. 




Көрілген: 1432    Пікірлер: 0

сенбі, 13.07.2019, 11:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә
    18 Тамыз, 14:06
    Қарыз алу дұрыс па?
    10 Тамыз, 11:21
    ҚҰРБАН ШАЛУ ҚИССАСЫ
    26 Шілде, 11:20
    Адам-ол кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31