Ислам діні

ҚАЙТА ТІРІЛТУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ?

  • http://mazhab.kz/

    http://mazhab.kz/

Алла Тағала үшін барлық адам баласын, тіпті күллі жаратылыс атаулыны қайта тірілту – бір адамды тірілтумен бірдей. Оның шексіз құдіреті үшін шыбын сияқты кішкентай жаратылысты жарату мен аспан әлеміндегі миллиондаған галактикаларды, ондағы сансыз жұлдыздарды жарату – оңайлық жағынан парапар.

 

Негізінде, Алла үшін оңай, қиын деген ұғым жоқ. Ол үшін барлық нәрсе оңай. Оның «бол!» деген әмірі арқылы барлық нәрсе бір сәтте бар болып, тіршілік әлемінде көзін ашады. Қиямет күні Исрафил періштенің сырнайға екінші рет үрлеуінен кейін Алла Тағала барлық адамды бір сәтте мәңгілік өмір үшін қайта тірілтеді.

 

Қысқы өлімнен кейін шіріген сүйек тәріздес жер бетіндегі барлық ағаштарды, сансыз гүл-бәйшешектерді, жалпы өсімдік атауын еш жаңылыспастан әп-сәтте, бір мезгілде оп-оңай тірілткен құдіреті шексіз Ұлы Жаратушымыз үшін Адам атадан бері жер бетіне келіп-кеткен күллі адам баласын бір мезгілде, көзді ашып-жұмғанша қайта тірілту еш қиын емес.

 

 Әр нәрсесімен шектеулі әлсіз адам баласы бір ғана нүктеге басу арқылы көзді ашып-жұмғанша үлкен бір қалаға жарық беріп, нұрға бөлеп жатқанда, құдіреті шексіз Хақ Тағала үшін барлық өлілерге бір мезгілде жан беріп, әпсәтте қайта тірілтуі неліктен мүмкін болмасын?!

 

«Лұқман» сүресінде: «Сендердің жаратылуларың да, қайтадан тірілтілулерің де бір кісінің жаратылып, тірілтілуіндей-ақ (оңай). Күмәнсіз Алла Тағала барлық нәрсені толық естуші әрі көруші», - делінген.

 

 

mazhab.kz




Көрілген: 3954    Пікірлер: 0

жұма, 30.04.2021, 19:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 20:42
    ҰЯЛУ ҚАЙ КЕЗДЕ АЙЫПТЫ?
    5 Мамыр, 19:00
    «ҚАДІР» СҮРЕСІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30