Ислам діні

«Қайыршыны зекіме»

  • http://akbotamusabekkyzy.blogspot.com/

    http://akbotamusabekkyzy.blogspot.com/

Аллаға шүкір мұсылман болып дүниеге келіп, мұсылманшылыққа сай тәрбие көріп, бірнеше мұсылман елдерін аралаған болатынмын. Бірақ, қай елде болмайын, қайыршыға мұрын шүйіре қарап, жақын келсе жеркіп жіберетін әдетті көптің бойынан көріп, өзім де сол түсінікті ұстанатын едім.

 

Бір күні АЛЛА жол салып, жердің арғы бөлігінде орналасқан Оңтүстік Африка мемлекетіне бардым, сол жерде бірнеше жыл білім алдым. Осы елдің мұсылмандарынан қайыршыға деген құрмет қоғамдағы қадірлі, мансапты адамға көрсетілетін құрметпен бір дәрежеде екенін көріп, қатты таң қалдым. Бұл не деген мінез-құлық деп аң-таң болдым.

 

Кейін мен де оларға қабағымды түйіп, ала көзбен қараудан бас тарттым. Бірақ,бұл амалым жергілікті мұсылмандардың істегеніне ілесу ғана еді.

 

Кейіннен Құран оқып, тәпсірге іліккен шағымда осы бір аяттың тәпсірінен Алланың бұйрығын көрдім. Сол уақытта осы аятқа бұл елдің мұсылмандары амал етіп, аxлағын (мінезін) көркем ұстайтынын аңғардым. Қайыршыға көркем бола білген мұсылман, басқаға да көркем бола білуі әрине сөзсіз.

 

Құранды білген және оның үкімдеріне амал қылған адамды Пайғамбарымыз (ﷺ) жәннати деген. Айша анамыз (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) мінезі Құран еді дейтін. Өмірімізді Құран менен хадиске сәйкес етуге Аллам тауфиқ берсін.

 

Шайхул Ислам Хазрат Аллама Шабир Ахмад Османи өз тәпсірінде осы аятқа қатысты Пайғамбарымыздың (ﷺ) қайыршыға көрсеткен кеңпейілділігін ескере отырып, мұсылман адам қайыршыменен кездессе, қабағына қатаңдық ұялатпай, жадырап тіл қатсын, жағдайы жетсе қолын құр қайтармасын, болмаса әдемі сөзбен шығарып салсын деген. Жұмсақ жүректілік көрсетіп, көзіне күлімдеп қараудың өзі садақаның бір түрі екенін естен шығармайық, ағайын.

 

Айбек Омар, "Дін мен дәстүр" фейсбук парақшасынан

ihsan.kz

 




Көрілген: 1471    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.08.2020, 17:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қараша, 19:55
    ТӘУБЕ ҚЫЛУҒА АСЫҒЫҢЫЗ
    19 Қараша, 01:03
    Әке-шешемді сатамын...
    16 Қараша, 15:54
    ӘУРЕТТІ ЖАБУ ДЕГЕН НЕ?
    11 Қараша, 10:51
    Ақырғы сәт!
    8 Қараша, 19:42
    Күнә және сауап
    4 Қараша, 16:02
    ӘУЛИЕ БОЛУ ОҢАЙ МА?
    24 Қазан, 00:30
    ТЫЙЫМДАРДЫҢ ХИКМЕТІ
    15 Қазан, 14:20
    ШАЙТАН МЕН МАҚТАН
    8 Қазан, 17:35
    Жұма күнгі әдептер
    6 Қазан, 16:26
    ҚАБІР ӨМІРІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30