Ислам діні

Қазақстан неліктен коронавирус тараған елдердің тізіміне еніп кетті

  • Қазақстан неліктен коронавирус тараған елдердің тізіміне еніп кетті

    Қазақстан неліктен коронавирус тараған елдердің тізіміне еніп кетті

Бұған дейін Сауд Арабиясы коронавирус тараған елдердің азаматтарына елге кіруге тыйым салғаны хабарланған еді. Туристік виза беру уақытша тоқтатылған елдердің арасында Қазақстан да бар. Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясы Қазақстан азаматтарына неге виза беруді уақытша тоқтатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін Сауд Арабиясы коронавирус тараған елдердің азаматтарына елге кіруге тыйым салғаны хабарланған еді. Туристік виза беру уақытша тоқтатылған елдердің арасында Қазақстан да бар.

"БАҚ беттерінде әу баста дұрыс ақпарат тараған жоқ. Жарияланған тізімде небәрі жеті ел болды. Ал шын мәнісінде 21 елге шектеу қойылды. Қазақстан визаны Сауд Арабиясының әуежайына қонғаннан кейін ала алатын 49 елдің ішіндегі жеті мемлекеттің қатарында көрсетілді. Қалған 14 ел визаны рәсімдегеннен кейін ғана Сауд Арабиясына келуге міндетті болатын", - деп түсіндірді сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, ақпараттың дұрыс таралмауынан Қазақстанда коронавирус бар сияқты және шектеуге де сол себепті іліккен секілді көрініп қалды.

27 ақпанда Сауд Арабиясы Корольдігі коронавирус індетінен сақтану мақсатында қажылық жасау үшін Мекке мен Мәдина қалаларына кіруді уақытша тоқтатты.

Қытайдан тараған коронавирус
Соңғы мәлімет бойынша, Қытайда жаңа коронавирус жұқтырғандар саны 80 026 адамға жетті, оның ішінде 2912-і көз жұмды, 44 462 адам емделіп шықты.

Коронавирус Қытайдан бөлек әлемнің 58 еліне тарап үлгерді. Бұл елдерде қаза болғандар саны 104 адамға дейін өсті. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 7169 адамды құрап отыр. 




Көрілген: 488    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.03.2020, 16:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Қыркүйек, 15:30
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    8 Қыркүйек, 21:33
    ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...
    7 Қыркүйек, 13:58
    Қажылыққа тең 5 амал
    4 Қыркүйек, 19:46
    БАЛАМ, САҒАН АЙТАРЫМ БАР
    25 Тамыз, 17:36
    «Қайыршыны зекіме»
    23 Тамыз, 14:29
    ӘУЛИЕ ДЕГЕН КІМ?
    7 Тамыз, 15:37
    Ата-ана ақысы
    30 Шілде, 08:38
    Бүгін – Арапа күні

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30