Ислам діні

Қазақстанда «дінге сенбейтіндер құқығы» түсінігі енгізіледі – Дін істері комитеті

  • Қазақстанда «дінге сенбейтіндер құқығы» түсінігі енгізіледі – Дін істері комитеті

    Қазақстанда «дінге сенбейтіндер құқығы» түсінігі енгізіледі – Дін істері комитеті

Қазақстан заңнамасына «дінге сенбейтіндер құқығы» түсінігін енгізу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2017 жылы бұрынғы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі деистер мен атеистердің құқықтарын қорғау туралы заң жобасын бастауға тырысты. Қазіргі уақытта осы заңды енгізу немесе әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр ма?», - деген сұрақ қойылды Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

«Бұған дейін өз баяндамамда дінге сенетіндердің де, сенбейтіндердің де құқықтарын толық қамтамасыз етуге тырысатынымызды айттым. Осыған байланысты біз әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, нақты түзетулер аясында «дінге сенбейтіндер құқығы» түсінігін енгізгіміз келеді. Яғни, қазір «дінге сенетіндер құқығы» бар, сонымен бірге «дінге сенбейтіндер құқығын» да енгізгіміз келеді», - деп жауап берді Е. Нүкежанов.

Е. Нүкежанов Қазақстанның зайырлы мемлекет екенін және дінге, конфессияға, этносқа қарамастан заң бәрінен жоғары тұратынын атап өтті. «Біз осыған ұмтыламыз және заң орындалады», - деді Е. Нүкежанов.

ҚазАқпарат




Көрілген: 711    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.09.2021, 14:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қазан, 14:20
    ШАЙТАН МЕН МАҚТАН
    8 Қазан, 17:35
    Жұма күнгі әдептер
    6 Қазан, 16:26
    ҚАБІР ӨМІРІ
    23 Қыркүйек, 19:49
    «Иманды болсын» демеңіз!
    22 Қыркүйек, 19:16
    ҮЙГЕ ДЕ КӨЗ ТИЕ МЕ?
    22 Қыркүйек, 14:24
    ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ
    13 Қыркүйек, 17:18
    Тұмар тағуға бола ма?
    10 Қыркүйек, 19:06
    ШАЙТАН НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
    30 Тамыз, 11:39
    НАМАЗДА КӨЗДІ ЖҰМУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31