Қазақстандағы діни ахуал: Алматы қаласы мысалында

Қазақстандағы діни ахуал: Алматы қаласы мысалында
Елімізде әртүрлі діндер мен конфессия өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді іс-әрекет етуі үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Мұсылмандар, христиандар және басқа діни сенім өкілдері біздің көпконфессиялы және көпұлтты ортақ үйімізде қоян-қолтық араласа өмір сүріп жатыр. Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар әлемдегі көптеген елдер үшін үлгі болып отыр. Жалпы, дін қоғам мен мемлекет дамуының қажетті және сөзсіз жағымды факторына айнала бастады. Қазақстандағы қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан-салалы. Кейбір деректер бойынша, 1989 жылғы 1 қаңтарда 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлестіктер болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында 3206 діни бірлестіктер жұмыс істеген. Олардың арасында 1652 исламдық, соның ішінде 1642 суниттік, 2 шииттік, 2 сопылық, 4 ахмадия ағымдары бар. Бұған қоса Қазақстанның аумағында православиелік шіркеуге жататын 241 діни бірлестік (олардың 230-ы Орыс православие шіркеуіне қарайды), 7 старообрядтық шіркеу, римдік-католиктік шіркеуінің 77 бірлестігі, бірқатар протестанттық бірлестік жұмыс істейді. Қазіргі Қазақстандағы дәстүрлі емес діни қауымдарға төмендегілер енеді: 5 буддистік қауым, 24 индуистік, 12 кришнаиттік, 23 бахаи, 2 трансценденталдық медитация қауымы, ұлы ақ бауырластықтың 2 қауымы, 6 саентология шіркеуі қауымы және т.б. Қазақстандағы қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан-салалы. Кейбір деректер бойынша, 1989 жылғы 1 қаңтарда 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлестіктер болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында 3206 діни бірлестіктер жұмыс істеген. Олардың арасында 1652 исламдық, соның ішінде 1642 суниттік, 2 шииттік, 2 сопылық, 4 ахмадия ағымдары бар. Бұған қоса Қазақстанның аумағында православиелік шіркеуге жататын 241 діни бірлестік (олардың 230-ы Орыс православие шіркеуіне қарайды), 7 старообрядтық шіркеу, римдік-католиктік шіркеуінің 77 бірлестігі, бірқатар протестанттық бірлестік жұмыс істейді. Қазіргі Қазақстандағы дәстүрлі емес діни қауымдарға төмендегілер енеді: 5 буддистік қауым, 24 индуистік, 12 кришнаиттік, 23 бахаи, 2 трансценденталдық медитация қауымы, ұлы ақ бауырластықтың 2 қауымы, 6 саентология шіркеуі қауымы және т.б. Еліміздің негізгі діни қауымы суниттік ислам және христиандықтың православиелік бағыттары. Елімізде 1700-ге жуық мұсылман бірлестіктері бар. Оның басым көпшілігі суниттік бағыттағы бірлестіктер. Орыс православие шіркеуінің үш епархиясына 214 приход, 8 монастыр және басқа шіркеулік құрылымдар тиесілі. Орыс православие шіркеуі приходтар санының өсуіне және материалдық тұрғыдан нығаюына күш-жігерін жұмсауда. 1999 жылы діни бірлестіктердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатымен Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығы құрылды. Бұл қауымдастық 200-ге жуық діни бірлестіктерді біріктіреді. Қазақстанда түрлі дәстүрлі емес культтар саны өсуде. Атап айтсақ, 1990 жылдары жаңа культтар саны 10-нан сәл асатын болса қазіргі уақытта жаңа культтардың саны 160-тан асады. Миссионерлік - діни ұйымдардың ілімдерін таратуға арналған діни және саяси қызмет. Миссионерлік ұйымдардың шоқындыру саясаты Африка және Азия халықтары арасында қарқындап, мақсатты түрде жүргізіліп отыр. Миссионерлік ұйымдарға бірқатар елдердің мемлекеттік құрылымдары, қайырымдылық қорлары, үкіметтік емес ұйымдар, қаржылық топтар материалдық және моральдық тұрғыдан көмектесіп, ортақтаса жұмыс жасайды. Миссионерлер баратын ел халқының дінін, тарихын, әдет-ғұрпын, ділі мен психологиясын зерттеп біліп барады. Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруында дәстүрлі діндер маңызды рөл атқарады. Ислам, христиандық және иудей діндерінің жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтары ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнықтырудағы маңызы ерекше. Олар қоғамымызда достықты, өзара құрмет пен түсінісушілікті нығайтуға қызмет етеді. Қазақ халқының мәдениеті мен руханиаты ислам өркениеті мен дүниесінің ажырамас бөлшегі. Елімізге ислам діні күшпен емес, бейбіт жолмен енді. Экстремизм мен терроризм идеологтары дінді пайдаланып, діни риториканың ерекше әдістерін қолдана отырып, халықтың белгілі бір топтарының ой-санасына теріс ықпал ете білді. Көп жағдайда әлеуметтік белсенділігімен ерекшеленетін, идеологиялық ықпалға тез түсетін қоғамның ерекше тобы саналатын жастар теріс пиғылды діни насихаттық қызмет үшін ыңғайлы нысанаға айналды. Жас ерекшеліктеріне қарай ізденгіш және білуге құмар болып келетін жастар қылмыс әлемінің, соның ішінде шетелдік және халықаралық субъектілердің тарапынан айлакерлікпен жасалған идеологиялық тұзаққа жиі түсетін болды. Бұл орайда қазіргі уақытта мемлекеттің құзырлы мекемелері экстремистік ұйымдардың және олардың идеологтарының қызметін айқындап, тыйым салу бағытында ықпалды шаралар қабылдауда. Сонымен бір мезгілде ақпараттық-насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу, әртүрлі діндер өкілдері арасында сұхбат орнату қажет. Рухани-ағарту және тәрбие жұмыстарының сапасын көтеріп, тиімділігін арттыру үшін біз қазақ халқының рухани құндылықтары мен дәстүрлерін, қазіргі жастардың еліктеуіне лайықты қаһарман тұлғаларды белсендірек насихаттауға тиіспіз. Елімізде конфессияаралық қатынастар саласындағы және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатындағы саясатын іске асыру барысында көптеген іс-шаралар барлық аумақтарда өткізіліп жатыр. Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының «Мониторинг және талдау» орталығы тарапынан қаладағы түрлі әлеуметтік топтар арасында құрамы мемлекеттік органдар қызметкерлерінен, сарапшы-дінтанушылардан, діни конфессия өкілдерінен құралған ақпараттық-түсіндірмелік топтың (АТТ) құрамы құрылғанына біршама уақыт өтті. Бұған қоса қаладағы аудандардан жоғары және арнаулы орта оқу орындары студент жастары, мемлекеттік қызметкерлер, әлеуметтік қорғау мекемелері, медицина қызметкерлері, әкімдік құрылымдары және т.б. әскери қызметкерлер, жауынгерлер, әскери оқу орындарының курсанттары, қылмыстық-атқару жүйесіндегі жазасын өтеушілер арасында дәрістер, кездесулер өткізетін ақпараттық-насихаттық топ жұмыс жасайды. Аталмыш шараларды мемлекеттік орган өкілдері, дін қызметкерлері, сарапшы-мамандар, қоғамдық институттар өкілдері өткізеді. Басқарма тарапынан берілген кестемен жоғары және арнаулы орта оқу орындарында, мешітке келушілер (жамағат) арасында, еңбек ұжымдарында, әскери бөлімшелерде мемлекеттің конфессияаралық қатынастар саласындағы және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатындағы саясатын іске асыру барысында жыл басынан бері көптеген семинар, кездесу мен дәріс, конференциялар өткізілді. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы іс-шаралардың нәтижесін арттыру мақсатында ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментімен бірлесіп, мемлекеттік органдардың қатысуымен жиналыстар өткізілуде. Жоспар негізінде мемлекеттік уәкілетті органдар тарапынан ғаламтор кеңістігінде жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша конфессияаралық келіспеушілікті және діни экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттаумен айналысатын 80-ге жуық ғаламтор сайттары және 500 ге жуық әлеуметтік желілері анықталды. Бүгінгі таңда Алматы қаласында 17 конфессиядан тұратын 181 діни бірлестік тіркелген. Олардың ішінде ҚМДБ-ның филиалдары басшылары (мешіт имамдары), Қазақстанның православ шіркеуі, Рим-католик шіркеуінің Епархиясы, лютерандық қауым, еврей қауымы, вон-буддизм бірлестігі, протестанттық бағыттағы шіркеулер, елуіншілер, пресвитериандар, ІХБ, методистерді және т.б. қамтылған діни қауымдар бар. Жоғарыда келтірілген діни конфессиялар жөніндегі ақпараттар жинақталған орта азияда алғаш жасалынған religionmap.kz атты Алматы қаласының діни картасы сайты жасалынды. Бұл Алматы қаласындағы діни нысандардың қызметі туралы қосымша ақпаратты табуға және оқуға мүмкіндік беретін қызмет түрі болып саналады. Бұл сайтты Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында «Social Development Center» Қоғамдық қоры дайындады. Қаладағы діни ғимараттан тыс орындарда діни іс-шаралар өтетін үй-жайлардың (намазхана бөлмелері) қызметіне мониторинг жасалады. Қазақстанның зайырлы мемлекет болуына байланысты, ресми идеология дінге мейлінше бейтарап қарайды: ол діншіл де, дінге қарсы да сипатқа ие емес. Қазіргі Қазақстандағы діннің жағдайы авторитарлық, тоталитарлық және теократиялық басқару жүйесі бар мемлекеттерден түбірінен өзгеше. Конфессияаралық бейбітшілік пен келісім көпұлтты, көптілді және көпконфессиялы Қазақстан үшін күрделі мәселе. Бүгінде Қазақстан әлемге бүкіләлемдік діни-рухани форумның орталығы есебінде де таныс. Оған әлемдік және дәстүрлі діндердің басшылары анағұрлым маңызды заманауи діни мәселелерді шешу үшін жиналады. Олар: толеранттылық, өзара құрметтеу мен түсінісу, ұлтаралық келісім мен діни төзімділік. Бұл қағидалар Қазақстандағы конфессияаралық қатынастардың да негізін құрайды. «Social Development Center» Қоғамдық қорының бас маманы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, дінтанушы Исмаил Н.О.
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста