Ислам діні

Қазақстандық журналист: Дүниедегі ең өтірікші адамдар – молдалар

  • Қазақстандық журналист: Дүниедегі ең өтірікші адамдар – молдалар

    Қазақстандық журналист: Дүниедегі ең өтірікші адамдар – молдалар

"Дүниедегі ең өтірікші адамдар &ndash молдалар. Көзіңді бақырайтып тұрып өтірік айтқан талай молданы көріп жүрмін. Оларға жауап қайтарсаң күнһар әрі дозақы болады екенсің. Осылар сәл кітап ашып қараса екен. Осы ғана өтінішім бар.

 Одан кейін тарих жайында ештеңе айтпасыншы. Мысалы, олар билік басындағы триллиондап (миллиардтап жайына қалды) ұрлап жүргендерді ел тізгінін ұстаған асыл азаматтар дей келе, бір үзік жіпті қалтасына салған кедейді сол үшін көрінде жыланға таланады дейді.

Сонда Құдай тағалам триллиондап қазынаны ұрлағанды асылға жатқызып, кедейді қорлағанның үстіне қорлап, осыншалықты әділетсіз болып тұр ма? Бұл қалай болды? Негізі бұл жерде осылай айтқан, тамағы үшін елді алдаған молда әділетсіз болып тұр. Тозаққа осылай айтқан адам барады. Миллиондардың ақысын жегендер асылдар, бір шүберекті мәжбүр болып қалтасына салған кедейлер әпсанада тозақылық болып шығады. Міне, логика. Менің басымды кесіп алсаңдар алыңдар, шындыққа дұрыс қараңдар. Бұлар Құдай мен халыққа емес, қашан да билікке жұмыс істеп жүрген адамдар ғана", - деді Бекболат Қаржан.

Журналистің пікірін көпшілік талқыға салды.

"Сонда саған мемлекеттің триллионын жеген басшы адамның асылы. Жыртық шүберекті жымқырған кедей тозақы деді ме молда?", "Ислам жақсы ғой. Діни уағыз дұрыс емес, молда болатын адам ханның ығына жығылмау керек", "Қай заманда, қашан болсын, дін өкілдері тек биліктің жағында болған. Оны талай тарихи оқиғалар жазылған деректерден оқып білгенбіз. Әсіресе бұл шындық жайлы Шоқан Уалиханов жазбаларында жақсы көрсетілген. Сонда да кейбір пенделердің осы шындыққа сенбейтіндеріне таң қаласың", "Молданың айтқанын істе, істегенін істеме дейді ғой. Ислам асыл дініміз, тек дінді қаралайтын дүмшелер баршылық. Алла олардан сақтасын!", "Сен сөзіңе жауап бере аласың ба? Сол саған өтірік айтқан молдалардың аты-жөнін айтшы маған????", "Олай жала жапқаның дұрыс болмады. Молдаларды жамандама, ертең өлсең алдына барасың ғой", - деді олар.

stan.kz




Көрілген: 1085    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.11.2020, 17:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Ақпан, 20:26
    АЯТ ДЕГЕН НЕ?
    20 Ақпан, 14:51
    СҮРЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Ақпан, 01:50
    Мешіт әдептер
    17 Ақпан, 19:47
    САУАБЫ КӨП АМАЛДАР
    3 Ақпан, 11:37
    Рия деген не?
    28 Қаңтар, 17:38
    Мен неге кедеймін?
    27 Қаңтар, 13:29
    Сабырлық
    27 Қаңтар, 10:29
    Алланы тану
    26 Қаңтар, 16:37
    Қабірдің ахуалы
    26 Қаңтар, 10:55
    Өлім сәті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31