Кедейге қарағанда бай мұсылман Құдайға жақын - ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы

25 сәуір 2022, 09:14

Елімізде танымал діни ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы мұсылман адам екі дүниенің нығметін қатар ұстауы керек екенін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ға сілтеме жасап.

Қазіргі заманның адамы ақша мен дүние-мүліктің соңында кетіп, иман мен тақуалықты ұмыт қылды деген пікір бар.

 

"Төртеу түгел болса..." бағдарламасына сұхбат берген діни ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы "адамдардың дұға жасағанда дүние-мүлік, байлық пен ақша тілегені қаншалықты дұрыс?" деген сұраққа жауап берді.

Мысалы, сауда жасайтын адам намаз уақытында 5-10 минут құлшылық етеді. Бірақ содан кейін қайта өз саудасымен айналыса беруі керек. Сондықтан мұсылман бір жағынан ақша тауып, бай болуға талпынуы тиіс, екінші жағынан ақіретті де ұмытпауы қажет, — дейді ұстаз.

 

Қабылбек Әліпбайұлының айтуынша, мұсылман екі дүниені де иегере алатын бай болуы керек.

 

"Күшті мұсылман, ал күштінің ішінде бай да бар дейді ғалымдар. Ол әлсіз мұсылманға қарағанда Аллаға сүйікті әрі қайырлы. Сондықтан мұсылман адам ақша табуы қажет, бірақ адал жолмен. Осыған қоса ақша оның жүрегіне кіріп кетпей, қолында болуы керек. Қолда бар нәрсе адамдарға беруге де жеңіл", — дейді Қабылбек Әліпбайұлы.

 

Бұған дейін әлеуметтік желіде тұсаукесерді қаралаған белгісіз "діндардың" видеосы қызу талқыға түскен еді.