Ислам діні

КЕШКІСІН МЕШІТТІҢ АЛДЫНДА БОЛҒАН ОҚИҒА

  • КЕШКІСІН МЕШІТТІҢ АЛДЫНДА БОЛҒАН ОҚИҒА

    КЕШКІСІН МЕШІТТІҢ АЛДЫНДА БОЛҒАН ОҚИҒА

"Кеше кешкісін мешіттен шығып келе жатып, мына оқиғаның куәгері болдым. Жас шамасы 60-тардағы ер адам, көлігін артқа жүргізіп жатып, байқаусызда, авто-тұрақта тұрған қымбат шет-елдік көлікті соғып алды. Дабыл-қаққыш іске қосылды. Көліктің иесі жақын маңда жүрген болуы керек, лезде оқиға орнына келіп жетті.  Тіпті, көлікті соққан кісі көліктен шығып та үлгермеген еді.

Соғылған көліктің иесі, келе салып әлгі кісіге:

— Ассалаумағаликум аға, — деп қолын алды да,

 — Жағдайыңыз қалай? Жарақат алмадыңыз ба? — деп сөзін жалғады. Әлгі кісі түк түсінбей, таңырқай қарап:

 — Көліктің иесі кім? — деп сұрады

.Ал көліктің иесі жылы қабақ танытқан жігіт екенін білген сәтте, кешірім сұрай бастады. Ал жігіт болса, көлігінің соғылған жерінен 1-2 рет ұрғылап қойып:

 — О не дегеніңіз аға? Бұл — темір, ал біз — адамбыз. Ең бастысы өзіміз аман болайық ағасы. Уайымдамай жүре беріңіз. Жолыңыз болсын, — деді де көлігіне отырып кете барды.

Мұндай кісілердің жер бетінде өмір сүріп жатқандығына Аллаға шүкіршілік айтып, олардан көп үлгі алу керек екен деп, ол жігітке екі дүниенің бақытын тіледім."

 

Еркежан ТҰРСЫНБАЕВА

mazhab.kz




Көрілген: 11985    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 02:14

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қыркүйек, 17:18
    Тұмар тағуға бола ма?
    10 Қыркүйек, 19:06
    ШАЙТАН НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
    30 Тамыз, 11:39
    НАМАЗДА КӨЗДІ ЖҰМУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30