Ислам діні

Қиямет күні үмбеттің 12 топ болып тірілуі (жалғасы бар)

  • http://islam.kz

    http://islam.kz

Муғаз ибн Жабал (р.а.) Пайғамбарымыздан (ﷺ) "Нәбә" сүресінің 18-аятында айтылған: «Сүр үрлеген күні топ – топ болып келесіңдер» - дегеннің анықтау мағынасын сұрағанын келтірген. Мұны естіген Алла Елшісі (ﷺ) жылай бастады, жылағаны соншалық, көздерінен аққан жасынан киімі су болды. Содан кейін: «Менен үлкен нәрсе туралы сұрадың! Үмбетім Машһар майданында 12 топқа бөлініп келеді», - деп жауап берді.


1-топ: Қабірден қолсыз, аяқсыз боп түрегеледі. Рахман тарапынан бір дауыс оларды былай танытады: Бұлар көршілерімен жақсы тұрмай, оларға азап бергендер. Баратын жері Тозақ оты. Өйткені Алла Тағала «Ниса» сүресінің 38-ші аятында ескерткен: «Жақын көршіге, ұзақ көршіге жақсылық ету керек.»

2-топ: Бұл топтағылар қабірден доңыз түрінде түрегеліп, Машһар майданына барады. Рахман тарапынан бір дауыс оларды былай танытады: «бұлар намазға мән бермеген кісілер» Алла Тағала бұл туралы «Мауун» сүресінің 4-5 аятында ескерткен: «Сондай намаз оқушыларға нендей өкініш. Олар намаздарын немқұрайлы оқиды».

3-топ: Бұл топтағылар Машһар майданына бара жатқанда қампиған таудай қарындары әрқайсысы есектін үлкендігіндей жылан мен шаянға толы болады. Рахман тарапынан бір дауыс оларды былай танытады:Бұлар зекетін бермегендер. Жазалары да осы. Баратын жері де - Тозақтың оты. Бұлар жөнінде Ұлы Алла Тағала «Тәубе» сүресінің 34-аятында былай ескерткен: «Қиямет күнінде олар Тозақ отында қыздырылып, онымен олардың маңдайлары, қабырғалары және арқалары таңбаланып: «Мынау өздерің үшін жиғандарың. Ал енді жиғандарыңның дәмін татыңдар» делінеді.

4-топ:Бұл топқа кіргендер қабірлерінен түтегеліп Машһар майданында бара жатқан кезде ауыздарынан қан ағады. Рахман тарапынан оларды былай танытады: «Бұлар сауда-саттықта өтірік айтқандар. Берген серті мен анттарын арзымайтын нәрсеге сатып жіберетіндер.Баратын жері Тозақтың оты. Алла Тағала «Әл-Имран» сүресінің 77-ші аятында ескерткен: «Негізінен сондай Аллаға берген серттері мен анттарын аз ақшаға (дүниеге) айырбастағандар, міне, солардың ақыретте бір сыбағасы жоқ. Қиямет күні Алла оларға сөз қатпайды да, оларға қарамайды, Әрі оларды ағартпайды. Сондай-ақ, олар үшін күйдіруші азап бар».

5-топ:Бұл топқа кіргендер қабірден тұрып, Машһар майданына бара жатқан кезде әр тарапынан жаман бір иіс жайылып,адамдар арасынан өлік иісінен де жаман бір иіс шығады. Рахман тарапынан бір дауыс оларды былай танытады: «Бұлар істеген күнәларын адамдардан қорқып құпия ұстады. Бірақ Алладан қорықпады. Міне, баратын жерлері Тозақтың оты. Алла Тағала бұл жөнінде «Ниса» сүресінің 108-ші аятында былай деді: «Олар адамнан құпия ұстаса да, Алладан жасыра алмайды. Олар түнделетіп разы болмайтын іс қылғанда Алла олармен бірге еді. Алла олардың не істегендерін бұлжытпай біледі».

6-топ:Бұл топқа кіргендер қабірлерінен тұрған кезде мойындары кесілген түрде Машһар майданына барады. Рахман тарапынан бір дауыс оларды былай танытады: «Бұлар жалған куәлік еткендер. Міне, жазалары. Баратын жерлері де Тозақтың оты. Ұлы Алла Тағала жақсы құлдардың сипатын айтқанда «Фурқан» сүресінің 72-ші-аятында былай деді: Олар өтірікке айғақ болмайды да бос (пайдасыз) сөздерге кездессе маңғазданып өтеді».


 asyldin.kz




Көрілген: 1824    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.11.2019, 12:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    3 Желтоқсан, 14:30
    Көз тиюге қарсы дем салу
    24 Қараша, 18:02
    Рия деген не?
    9 Қараша, 13:05
    Ібіліс кімге қуанды?..
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31