Ислам діні

Қияметтің кіші белгілері

  • http://mazhab.kz

    http://mazhab.kz

Қияметтің жалпы белгілері туралы айтқанда оның кіші және үлкен белгілерінің болатынын ұмытпағанымыз жөн.


Негізі кіші белгілерінің кейбірі болып кетті және дәл қазір жер бетінде болып та жатыр деуге болады. Өйткені, әр нәрсенің тозығы жеткенде жарамсыз болып немесе сапасының төмендейтіні секілді қияметке жақын адам баласы азып-тозып, хақиқи сипатынан ажырап, дүниенің де жүйесі бұзыла бастайды.


Сонымен, қияметтің кіші белгілері мыналар:


1. Ғылым мен білім мейлінше азайып, надандық етек жаяды.


2. Арақ-шарап ішу, некесіз ойнастық жасау ашық жасалатын болады.


3. Адамдар бір-бірін жайдан-жай өлтіруге барады, мұны ауыр қылмыс құрлы көрмейді.


4. Әділет атаулы көбіне көп құрдымға кетіп, қабілет-қарым жоғала бастайды, харам мен халалдың ара жігі ажыратылмайды.


5. Ата-анаға қарсылық көрсету, оларға мейірім таныту мен қамқорлық жасау сықылды дүниелердің қадірі кетеді, әйелдерге бағыныштылық көбейеді.


6. Өлшемде, не таразыда айлакерлік көбейеді, ал мұның өзі кейбір ашық наразылықтарға қарамастан белең ала түседі.


7. Адамдардың бір-біріне деген құрметі, мейірімі азайып, оны насихаттауға қатысты шараларға қолдау көрсету былай тұрсын, оған құлақ аспайтын болады.


8. Қалалы жерлерге көшіп-қону көбейеді, үйлер биік салына бастайды. Жаман да қабілетсіз адамдардың сый-құрметке ерекше бөленіп, билік солардың қолында болады.


9. Құмар, балгерлік және ойын құралдары көбейіп, халықтың назарын босатпай тартады, уақыттың қалай өтіп кеткені сезілмейді.


10. Ысырапшылық етек алып, дүние мал-мүлкі және мүддесі ақырет бақытынан артық көрілетін күйге түседі.


11. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жіберілуі және онымен пайғамбарлықтың аяқталуы.


12. Зекет алатын пақырдың табылмауы.


13. Әйелдердің жалаңаш сияқты (яғни, жартылай ашық, орамалсыз жүруі, денесіне жабысқан тар көйлек киюі немесе әурет жерлері көрініп тұратын жұқа көйлектер) киінуі кең белең алады. 


mazhab.kz




Көрілген: 2779    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.08.2019, 10:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Қараша, 13:05
    Ібіліс кімге қуанды?..
    3 Қазан, 10:09
    Ананың қарғысы...
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә
    18 Тамыз, 14:06
    Қарыз алу дұрыс па?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30