Ислам діні

ҚМДБ: 30 күнде 30 онлайн сұхбат өтеді

  • ҚМДБ: 30 күнде 30 онлайн сұхбат өтеді

    ҚМДБ: 30 күнде 30 онлайн сұхбат өтеді

 ҚМДБ-ға қарасты "Хикмет ТВ" студиясы Рамазан айының әр күнінде елімізге белгілі имамдар мен ұстаздардың қатысуымен "30 күнге 30 сұхбат" атты онлайн сұхбаттар жүргізуді қолға алды.
Алғашқы онлайн сұхбат кеше Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 20:00-де ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлының қатысуымен өтті. Наиб мүфти "Ұлық айды қалай қарсы аламыз?" тақырыбында әсерлі әңгіме өрбітті.

Бүгін онлайн сұхбатты «Оразаға ниет» тақырыбы бойынша ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков жалғайды. Осылайша отыз күн бойы онлайн сұхбат жалғасады.

Сұхбатты күн сайын Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 20:00-де "Хикмет ТВ" студиясының youtube-тағы каналынан тікелей эфирде көруге болады.

Айта кетейік, "30 күнге 30 сұхбат" атты онлайн дәрістер жобасы ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынды. Бас мүфти Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында "30 күнге 30 сұхбат" атты онлайн дәрістер жобасы жүргізілетінін хабарлаған болатын.

BAQ.KZ.




Көрілген: 390    Пікірлер: 0

жексенбі, 26.04.2020, 12:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Мамыр, 09:51
    ШАЙТАННЫҢ ДОСЫ КІМ?
    2 Мамыр, 12:07
    АДАМ АТАНЫҢ АМАНАТЫ
    22 Сәуір, 21:20
    ОРАЗАҒА НИЕТ ЕТУ
    22 Сәуір, 09:29
    Оразаның пайдасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30