Ислам діні

ҚМДБ жасанды кірпік пен тырнаққа қатысты харам деп пәтуа шығарды

  • ҚМДБ жасанды кірпік пен тырнаққа қатысты харам деп пәтуа шығарды

    ҚМДБ жасанды кірпік пен тырнаққа қатысты харам деп пәтуа шығарды

Қазіргі таңда көптеген мұсылман әйелдердің жасанды кірпік пен тырнақ жалғауы әдетке айналуда. Ислам шариғатында тырнақ жалғау былай тұрсын тырнақты өсірудің өзі күнә.


Сахаба Әнас ибн Малик: «Бізге мұртты қысқартуды, тырнақ алуды, қолтық және әурет түктерін жұлуды қырық күннен асырмау бұйырылды», – деген.


«Раддул мұхтар» кітабында: «Ең дұрысы апта сайын тырнақты алу, мұртты қысқарту, әурет түгін қыру, денесін жуу керек. Болмаса, бұл істер 15 күнде жасалуы тиіс. Қырық күннен асыру – күнә», – делінген.


Ал бет әлпеті отқа күйіп, кірпігі жойылып, көріксіз жағдайға дұшар болса немесе ауруға шалдығып, кірпіктері түсіп қалса, сондай-ақ тырнақтары түбімен алынып кетсе, осы сынды зәрулік жағдайларда жасанды кірпік және тырнақ жалғауға рұқсат етіледі. Шариғатымыз адамның ағзасында қандай да бір ақау, науқастық пайда болса, оның емделу жолын қарастыруды міндеттейді.


Алайда, кірпікті немесе тырнақты жәй сәндік мақсатында жалғаса, ол жайында ғұламалар бірауыздан харам деген үкім берген. Өйткені ол Алланың жаратқан жаратылысын өзгерту болып саналады.


Хадисте: لَعَنَ اللَّهُ الْوَاشِمَاتِ وَالْمُسْتَوْشِمَاتِ وَالنَّامِصَاتِ وَالْمُتَنَمِّصَاتِ وَالْمُتَفَلِّجَاتِ لِلْحُسْنِ الْمُغَيِّرَاتِ خَلْقَ اللَّهِ


«Алла Тағала денеге сурет салушыны, сурет салдырушыны, қас теруші және қас тергізушіні, әдемі көріну мақсатында тістерінің арасын ашқандарды және Алланың жаратылысын өзгерткендерді лағынеттеді», – делінген. Сондай-ақ бұл мәселе шариғатымызда тыйым салынған шаш жалғау мәселесі қатарына жатады. Келесі хадисте: «Алла Тағала шаш жалғаушыны да, жалғағанды да лағынеттеді», – деген.


Бұл – жасанды кірпік және тырнақтың шариғаттағы үкімі. Оның дәретке байланысты үкіміне келсек, кірпік шариғатымыз белгілеген бетті (яғни, тігінен – маңдайдың шетінен бастап иектің астына дейін, ал көлденеңінен – оң құлақтың жұмсағы мен сол құлақтың жұмсағына дейінгі аралығын) жуудың аясына кіреді. Сонымен қатар қолдың құрамына кіретін тырнақты да жуу – парыз. Жасанды кірпік пен тырнақты зәрулік жағдайға байланысты қойған болса әрі ол су өткізбейтін, сонымен қатар қайта алынбайтын нәрсемен жасалынса, онда сол жасанды кірпік пен тырнақты жуумен шектеледі. Мұнымен дәреттің парызын орындаған болып саналады. Егер жасанды кірпік пен тырнақты ешбір қиындықсыз алуға мүмкіндік болса, онда оларды алып, ол жерді сумен жуады және қайта орнына қояды.  




Көрілген: 871    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.04.2019, 09:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Мамыр, 18:41
    Ниет деген не?
    2 Мамыр, 09:32
    Ауызашардағы дұға
    24 Сәуір, 15:02
    Оразаның пайдасы
    11 Сәуір, 20:28
    Ораза және шүкір
    2 Сәуір, 09:47
    Оразаға 30 әзірлік

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31