Кімдер кіші қажылығын өтей алады

04 қазан 2021, 09:32

Саудия билігі жасы 70-тен асқан қариялар мен жасы 18-ден кіші жасөспірімдерге кіші қажылықты (ұмра) өтеуіне рұқсат етті. Бұл жайында islam.kz порталы аталған араб еліің Okaz ресми мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Саудияның Қажылық және ұмра істері жөніндегі министрлігі бұл тарапта жасы 70-тен асқан, тәжді тажал вирусының жаңа қоздырғышына қарсы екі мәрте екпе алған қарияларға арнайы қосымша беруді мақұлдады.

 

Бұдан бөлек, жасы 12-17 жас аралығындағы, екі мәрте екпе алған жасөспірімдер де кіші қажылыққа жіберіледі. Бұрын тек 18-70 жас аралығындағы екпе алған адамдар ғана кіші қажылығын өтей алатын.

 

Жеңілдік бұл жұқпалы індетпен ауырып тұрған, екпе алып үлгермегендерге ғана беріледі – олар да кіші қажылығын өтей алады. Күніне 100 мың адамға дейін қажылығын өтеуге рұқсат етіліп отыр.