Ислам діні

КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛУҒА ҚАТЫСТЫ ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

  • КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛУҒА ҚАТЫСТЫ ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

    КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛУҒА ҚАТЫСТЫ ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

 Құрметті отандастар!

Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына аса мән беруі қажет.

Алла Тағала «Бақара» сүресінің 195-аятында: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар», – деп бұйырған.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Емделіңдер, расында Алла әрбір дертті шипасымен қоса жаратты», – деген.

Дана халқымыз: «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», – деп шипа іздеуге үндеген. Сол үшін кез келген адам емделудің және аурудың алдын алу жолдарын қарастыруы тиіс.

Арнайы медицина мамандары қазіргі таңда әлемге қауіп төндірген коронавирус індетінің алдын алу үшін вакцинациялаудың адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдіс екенін айтуда.

Ал шариғат бойынша зәру жағдайда екпе салуға болады. Алайда екпе салдыру – әр азаматтың өз еркі.

Өздеріңізге белгілі, әлемде және елімізде пандемиялық жағдай күн сайын күрделенуде. Жұқпалы дерттен бір отбасында бірнеше адам жан тапсыруда. Бұл жағдай екпе салдыруға қатысты оң шешім қабылдау қажеттігін көрсетіп отыр. Осы ретте халықты барынша сақтанып, денсаулығымыз бен өмірімізді сақтап қалу үшін екпе салдыруға үндейміз.   

Алла Тағала халқымызды жұқпалы індеттен сақтап, науқас жандарға шипа нәсіп етсін! Әмин!




Көрілген: 1075    Пікірлер: 0

жұма, 30.07.2021, 17:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қыркүйек, 17:18
    Тұмар тағуға бола ма?
    10 Қыркүйек, 19:06
    ШАЙТАН НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
    30 Тамыз, 11:39
    НАМАЗДА КӨЗДІ ЖҰМУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30