Ислам діні

Кремацияның Ислам дініндегі үкімі

  • https://satu.kz/

    https://satu.kz/

Кремация (лат. crematіo, cremare – өртеу) – мәйітті арнаулы тәсілмен өртеу әдісі. Алғаш рет соңғы неолит пен қола кезеңдерінде пайда болған (б.з.б. 3 – 2-мың жылдықтар).

 

Ежелгі гректер мен римдіктер адам мүрделерін өртеуді кеңінен қолданды. Жапонияда, Үндістан мен Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа да елдерінде кремация ертеден бар. Кремация будда дінінің өлік жөнелту қағидаларымен байланысты қалыптасқан.

 

Еуропа елдерінде кремация христиан шіркеуі шамандық, яғни «дінсіз» халықтардың салты деп жарияланды. Оның үстіне, христиандар ұғымында кремация библиялық «қайта тірілу», «о дүниедегі өмір» ілімдеріне қайшы келетін болды.

 

Тек 19 ғасырдың екінші жартысында ғана Еуропада кремация қайтадан қолданыла бастады. Арнаулы пештер –крематорийлар кеңінен тарады (алғаш рет 1876 ж. Милан қаласында салынды). Еуропада өртенген мәйіттің күлін жерге көмеді немесе арнаулы урналарда сақтайды.

 

Қайтыс болған адамның денесін арнайы пеште өртеп, күлін жерлеу; көптеген ежелгі заман халықтарындағы «жалынмен жерлеу», соның ішінде ежелгі славяндардың жерлеуінің бір түрі.

 

Ислам шариғатында мұсылмандардың мүрделерін кремация (өртеу) арқылы жерлеуге болмайды. Бұл – адамзат жаратылысының ардақтылығына қайшы келетін іс. Жаратқан Иеміз Құранда адамзатты ардақты етіп жаратқанын айтады.[1]

 

وَلَقَدْ كَرَّمْنَا بَنِي آدَمَ وَحَمَلْنَاهُمْ فِي الْبَرِّ وَالْبَحْرِ وَرَزَقْنَاهُمْ مِنَ الطَّيِّبَاتِ وَفَضَّلْنَاهُمْ عَلَى كَثِيرٍ مِمَّنْ خَلَقْنَا تَفْضِيلا.

 

«Сөз жоқ. Біз Адам балаларын ардақтадық. Құрлықта, теңізде алып жүрдік, жақсы нәрселерден ризық бердік әрі жаратқандарымыздың көбінен оларды үстем еттік»[2], - дейді.

 

Әрі Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қандай да бір жәндікті отпен жазалауға болмайтынын ескерткен. Басқа хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Өлген адамның сүйегін сындыру – тірі адамның сүйегін сындырғанмен тең»[3]. Яғни адам баласы тірі бола ма, дүниеден өткен бола ма құрметке ие.

 

Жалпы мұсылман үмметі адам дүниеден өткен соң оны жерлеу керектігіне бір ауыздан келіскен. Ал оны өртеу болса мәйітті, қорлау, азаптау болып саналады. Тіпті Алла елшісі қабірді баспаңдар деген. Бұл да болса дүниеден өткен марқұмға құрмет ретінде айтылған.

 

Құран Кәрімде жерлеу үлгісі Абыл мен Қабыл оқиғасында баяндалған. Шариғатымыз бойынша адам баласы дүниеден өтсе оның денесін жер қойнауына тапсырады. Ал өлген адамды өртеу дінімізге жат.

 

fatua.kz/




Көрілген: 1532    Пікірлер: 0

жұма, 14.08.2020, 15:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 14:58
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    25 Қыркүйек, 00:39
    АҚЫРЗАМАН БЕЛГІЛЕРІ
    24 Қыркүйек, 22:09
    САУАПТЫ ЖОЯТЫН АМАЛ
    14 Қыркүйек, 15:30
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    8 Қыркүйек, 21:33
    ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...
    7 Қыркүйек, 13:58
    Қажылыққа тең 5 амал
    4 Қыркүйек, 19:46
    БАЛАМ, САҒАН АЙТАРЫМ БАР
    25 Тамыз, 17:36
    «Қайыршыны зекіме»
    23 Тамыз, 14:29
    ӘУЛИЕ ДЕГЕН КІМ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31