Ислам діні

Күн райын болжау дұрыс па?

  • Күн райын болжау дұрыс па?

    Күн райын болжау дұрыс па?

Жалпы адамзат баласына пайдасын тигізетін, қоршаған ортаның игіліне асатын кез келген ілім болсын, мамандық болсын оны оқып үйренуге, сол істің маманына айналуға ислам шариғаты дұрыс қарайды. Бастысы, Алла Тағала күнә деп белгілеп қойған шеңберден шығып кетпесе болғаны.


Метеорология ілімі жайлы ғұламаларымыз бірауыздан оның шариғатқа еш қайшылығы жоқ екендігін айтып өткен. Метеорология ілімі ғайып ілімін ашу, ғайыптан хабар алу дегенді білдірмейді. Оның шариғатта рұқсат екеніне екі себеп негіз болады. Бірінші, аталмыш салада адамдар үшін, тіпті, қоршаған орта үшін де, ауыл шаруашылығы жұмыстары үшін де қажеттіліктің бар екені айдан анық.


Екінші, метеорология саласында, мамандар тек болжамдарға, астрономиялық есеп-қисаптарға сүйеніп, желдің күшейуі сияқты, бұлттардың көшуі сияқты құбылыстарға мән бере отырып, күн райының жағдайын шамалап болжайды. Күн райының өз болашағынан белгі беруі де – Алланың қалауы. Алла Тағаланың адамдарға, жан-жануарларға деген мейірімділігі һәм жеңілдігінің нышаны.


Алла Тағала Қасиетті Құранда: «Ол күнді шуақ шашқан жарық, ал айды (күннен нәр алған) нұр етіп жаратты және жылдардың саны мен уақыттың есебін біліп жүрулерің үшін оған бірқатар кезеңдер межелеп қойды. Алла бұларды бостан босқа емес, белгілі бір мақсатта ғана ақиқат һәм мызғымас жүйе негізінде жаратты. Алла тағала білетін әрі білгісі келетін қауым үшін аяттарды осылайша жан-жақты баяндап түсіндіреді»-дейді («Юнус» сүресі, 5-аят).


Бұл аяттан Алла Тағала жаратылыстың құбылысын адамдарға белгі ретінде көрсететіндігін аңғарамыз. Осы тұста Аллаға және оның ғайып іліміне иман келтірген мұсылман: «Ақиқатын Алла білуші, барлық нәрсе Алланың қалауымен іске асады» — деген сенімін жүректе нық орнықтыруы шарт. Алайда, бұл зерттеу жасамай, тек болжалдап білу дегенді білдірмейді.


Асқар Мұқанов,


исламтанушы


kazislam.kz




Көрілген: 711    Пікірлер: 0

жексенбі, 16.12.2018, 21:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 13:46
    Аса қауіпті түн!
    3 Маусым, 17:09
    Ер мен әйел тең бе?
    26 Мамыр, 17:08
    Тағдыр мен қаза
    22 Мамыр, 18:41
    Ниет деген не?
    2 Мамыр, 09:32
    Ауызашардағы дұға

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30