Ислам діні

Құран аяттары бар алқа тақсам бола ма?

  • Құран аяттары бар алқа тақсам бола ма?

    Құран аяттары бар алқа тақсам бола ма?

Саламатсыздар ма. Менің сұрайын дегенім: алқамда Құранның аяты бар, ол алқамен әжетханаға кіруге болмайды дейді. Сол рас па? Егер рұқсат болмаса, оны балқытып басқа нәрсе жасауыма бола ма?


Айдарова Д




Жауап

Сәлеметпіз. Сұрағыңызды екі бөліп қарастырайық. Біріншісі: Құран аяты бар алқамен әжетханаға кіру мәселесі; Бұл сұраққа қатысты Имам Хаскафи: «Сырты қапталған руқиямен әжетханаға кіру мәкрүһ емес, алайда сақтанған дұрыс»[1], – дейді. Имам Хаскафидің бұл сөзін ашықтаған Имам Ибн Абидин «Хашия» кітабында мынаны айтады: «Руқия деп Құранның аяттары жазылған нәрселерге қолданады. Егер ол су өткізбейтін заттармен қапталса, онымен әжетханаға кіруге болады. Онда дұға ретінде жазылған Құран аяттары аят болмысынан шықпайды»[2].


Қорытынды: сіздің алқаңыздағы аяттар қандай да бір затпен қапталмаған болса, онымен әжетханаға кіруге болмайды. Себебі6 Құран аяттарының өзіндік құрметі бар. Онымен әжетханаға кіру – Құран аятына құрметсіздік ретінде бағаланады.


Екіншісі: аят жазылған алқаны балқыту мәселесіне келсек, Имам Хаскафи айтады: «Құран аяты жазылған дирхамды балқыту – мәкрүһ амал. Алайда6 дирхам сынған болса, онда оны балқыту мәкрүһ емес»[3]. Имам Хаскафидің бұл сөзін Имам Ибн Абидин былай ашықтайды: «Егер аят жазылған дирхам сынса, ол мәкрүһ болмайды, себебі сынғаннан кейін ол толық аят болып есептелмейді, ондағы аят әріптері де үзіліп кетеді»[4].


Қорытынды: сіздің алқаңыз осы дирхам іспеттес үкім алады. Оны себепсізден балқыту – мәкрүһ амал. Оны тек сынып, әріптері өшіп кеткеннен кейін ғана балқытқан жөн болады.


Сәттілік иесі Алла ғана!


Айбек Әбдіқадыр

Muslim.kz сайтының діни сарапшысы




[1] Дуррул-мухтар

[2] Хашият Ибн Абидин

[3] Дуррул-мухтар

[4] Хашият Ибн Абидин 




Көрілген: 1460    Пікірлер: 0

жексенбі, 23.12.2018, 15:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Маусым, 13:46
    Аса қауіпті түн!
    3 Маусым, 17:09
    Ер мен әйел тең бе?
    26 Мамыр, 17:08
    Тағдыр мен қаза
    22 Мамыр, 18:41
    Ниет деген не?
    2 Мамыр, 09:32
    Ауызашардағы дұға

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30