ҚҰРАН КӘРІМ ҚАЛАЙ ЖИНАҚТАЛДЫ

14 наурыз 2022, 18:17

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Амалының кемшілігі өзін (бақытқа жету жолында) артта қалдырған адамды оның тегінің даңқы алға жетелей алмайды” (Сахих Мүслім) , - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі mazhab.kz-ке сілтеме жасап.

Құран кәрім оқиғалар мен қажеттіліктерге сай 23 жылда Жәбірейіл алейһис-сәлам арқылы аят-аят, сүре-сүре болып түскен. Түскен аяттар Пайғамбарымыздың бұйрығымен дереу сол күні жатталып, жазылатын болған. Жәбірейіл (a.с.) аяттардың сүредегі орнын да айтқан. Пайғамбарымыз (с.a.у.) болса, уаһи хатшыларына сол үлгіде жазуды тапсырған. Сахабалар сол үлгіде жаттайтын. Біреу бәрін, енді біреуі кей аяттар мен сүрелерді жаттайтын. Енді біреуі аяттарды теріге, тақтай немесе сүйекке жазатын.

 

«Сендердің ең қайырымдыларың Құран кәрімді үйреніп, үйреткендерің» деген хадистен ынталанып Құран кәрімді жаттау, үйрету маңызды міндетке айналған.

 

Сахабалар бұл міндетке ерекше ықылас бөлетін. Тіпті, Meкке мүкәррәмәда Исламның алғашқы кезеңінде мүшріктердің зорлық-зомбылығына қарамастан, бір үйге жиылып жасырып Құран оқып, жазғандығы олардың қандай ықылас танытқанын көрсетеді. Омардың (р.а.) Исламды қабылдауы да осындай жасырынып  үйрену кезінде, Құран кәрімнің рухани күшіне бөлеуінің нәтижесінде орын алған.

 

Кейін жатталған аяттар кейде Пайғамбарымыздың алдында оқылып тексерілетін, жазылмас бұрын нақтыланатын. Пайғамбарымыздың қасында болып Құран кәрімді жаттағандар ол жерде болмағандарға үйрететін. Сондай-ақ бәрі отбасы мүшелеріне, бала-шағаларына үйрететін. Бұған Пайғамбарымыз (с.a.у.) өзі кеңес берген.

 

Құран кәрімнің аят-аят болып түскені оны жаттап, жазу жолын жеңілдеткен. Мұнымен қатар, Пайғамбарымыз (с.a.у.) дауыстап оқыған намаздарда оқылған сүрелерді  сахабалар еститін, осылайша аят, сүрелердің реті мықтап белгіленетін. Пайғамбарымыз (с.a.у.) Құран кәрімді хатым жасағаннан бөлек, қари сахабалар да Пайғамбарымыздың алдында хатым жасайтын. Осылайша аяттарды өз сүрелерімен жинақтау, яғни Құранның алғашқы нұсқасы осылай болған.

 

Мұнымен қатар, Пайғамбар мешітінде дүнияуи істерге қызықпайтын, тек Құран үйреніп, үйретуге ғана ден қойған Асхаб суффә бар еді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) олардың кейбірін арасында Құран үйрету үшін ру-тайпаларға жіберетін.