Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Құран» мен «Кітаптың» айырмасы бар ма?

14 желтоқсан 2022, 18:30

Алланың кітабын «Құран» деген уақытта біз оның үнемі оқылуын және оны ауыз арқылы айтып сақтауды меңзейміз, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

«Құранды» кейбір кезде «Кітап» деп те атайды. «Кітап» дегеніміз – аят-сүрелердің қағаз бетіне қаламмен жазылып сақталуы.

 

«Құран» мен «Кітап» сөздерінің мағыналары бір болғанымен мазмұны жағынан бөлек.

 

Мысалы, «Құран» Алланың сөзін тілмен оқып, жаттап, жүректе сақтау міндетін жүктесе, «Кітап» атауы оны жазу арқылы сақтау дегенді білдіреді.

 

Сондықтан, Құранды бастан-аяқ жаттаған кісінің (қаридің) оқыған Құраны, қағаз бетіне түскен Құранның жазбаша нұсқасымен сәйкес келуі шарт.