ҚҰРАНДА VI ҒАСЫРДА АЙТЫЛЫП ҚОЙҒАН БОЛАТЫН!..

ҚҰРАНДА VI ҒАСЫРДА АЙТЫЛЫП ҚОЙҒАН БОЛАТЫН!..

Алла Тағала аспанды жеті қабаттан тұратын етіп жаратқан, бұл туралы Құран Кәрімде: «Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме?» «Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды.» («Нұқ» сүресі, 15-16 аяттар), «Үстеріңе жеті қат берік көк құрдық» («Нәбә» сүресі, 12-аят) деп айтылады.

 

Астраномдар жұлдыздар арасындағы кеңестік, галактика, галактикалық тозаңдар мен газдар, метеорлар мен астероидтар туралы әңгімелейді. Бүгінде ғылымда аспанның қат-қабат 7 қабаттан тұратынын толық дәлелденген. Оның әр қабатының температурасы мен химиялық құрамы , онда тірі жан иесі тіршілік етуге қолайлы ма, адамзат ол қабаттарыд өз игілігіне жарата ала ма т.б көптеген сұрақтарға ғылым жауап беріп те жатыр. Ал бұл қабаттар туралы сонау 6-ғасырда Құранда айтылып қойғанымен қазіргі ғылым тілінде атмосфераның бұл жеті қабатын:

 

1.Тропосфера

2.Стратосфера

3.Мезосфера

4.Термосфера

5.Экзосфера

6.Ионосфера

7.Магнитосфера,- деген атаулармен аталып, қолданып келеді.

 

Қазір ғылым бұл жеті қабаттың әрқайсысы өзінше қызмет атқаратынын және бұл адам өмірі мен табиғаттың үйлесімділігін сақтап тұрғанын айтады. Бірі жаңбырдың пайда болуы мен түсуіне, енді бірі метеориттердің түсуіне, ал келесі бір қабаты радиотолқындардың қызметіне жауап береді.

 

Бұл туралы Құранда:

 

«...әрбір аспанға оныңөзіне қатысты ісін білдірді (яғни реттеп бекітті)» («Фуссилат» сүресінің 12-аяты) - делінген. Ал «Нұх» сүресі, 15-аятында: «Алла жеті қабат аспанды қабат-қабат етіп қалай жаратқанын көрмедіңдер ме?»,-десе «Мүлк» сүресі, 3-аятында: «Жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқан сол – Алла. Рахманның жаратуынан ешқандай кемшілік көре алмайсың. Қайта көз салшы, бір сәйкессіздік көре аласың ба?»,-дейді.

 

Осы «Мүлк» сүресінің 3-аятында келген «ТЫЙБӘҚА» сөзі «қабат», «жабу» деген мағыналарды да береді. Яғни мұндағы қабаттардың өлшемдері бір-бірінен, тіпті, бір миллиметр асып, не кеміп кетпей дәл орналасқан. Бұл сөздің көпше түрде қолданылуы да Құранның ақиқат екендігін көрсетеді.

 

Бұл жаңалық та ғылым өркендеген XX ғасырда ғана ашылып, әртүрлі ғылыми құрылғы, құралдардың көмегімен айқын дәлелденіп, белгілі бола бастады. Ал бұл Құранда сонау 6-ғасырда айтылып қойған еді...

 

Жалпы қасиетті Құранда мына ғаламның пайда болуы, жаратылыс, оның құрылысы мен қалай қызмет ететіні жайлы түгел жазылған. Ал өзіміз жаратылыстану пәнінен өткен атмосфераның 7 қабаты туралы Құранда мынадай аяттар бар:

 

«Алла сендер үшін жер бетіндегі барлық нәрселерді жаратқан. Кейін аспанға назар аударып, оны жеті аспан етіп жасады. Ол – барлық нәрсені Білуші» («Бақара» сүресі, 29-аят),-дейді.

 

Сонымен қатар Құранда былай дейді: «Кейін Ол түтін (бу) күйіндегі аспанға қарап, оған және жерге: «Ерікті немесе мәжбүрлі түрде келіңдер» деді. Ол екеуі: «Біз ерікті түрде келдік», («Фуссилат» сүресі, 11-аят),- деді.

 

«Әрі Алла оларды екі күнде жеті аспан етіп жасады және әрбір аспанға оныңөзіне қатысты ісін білдірді. Әрі Біз төменгі аспанды шамдармен (жарық түсіретін нәрселермен) безендірдік және онымен қорғадық. Бұл – бәрінен Үстем, бәрін Білушінің белгілеп бекітуі» («Фуссилат» сүресі,12-аят)

 

«...Оны жеті қабат көк етіп тәртіптеді. Ол әр нәрсені толық білуші» (Бақара 29)

 

«Жеті көк және жер, сондай-ақ ондағы болғандар, Аланы пәктейді» («Исра» сүресі, 44-аят)

 

«“Жеті көктің Раббы және ұлы ғаршының Раббы кім?”,- де» («Муминун» сүресі, 46-аят)

 

«Ол сондай Алла, жеті көкті жаратқан және жерді де солар сияқты жаратқан» («Талақ» сүресі, 12-аят)

 

Бұл сәйкестік жеті қат көкті жаратқан Алла Тағала аспанның жетеу екенін жеті рет қайтара айтқан Құранның да Өзінің тарапынан түскеніне дәлел болады.

 

Құран 14 ғасыр бұрын түскен, алайда мұсылмандар әлі кезге шейін оны жаңа қырынан түсінуге, мағыналарын игеруге, ғажайыптарын тануға асығуда. Құран Кәрім болмыс аяттарына толы. Бұл аяттарға келгенде оларды ғылыми теориялармен тәпсірлеуге болмайды деп кескін шешім қабылдауға болмайды. Себебі мұсылман адам үнемі Құранға ой жүгіртіп, оның мағынасын түсінуге міндетті. Сол үшін де болмыс аяттары келгенде одан аттап кетуге болмайды. Керісінше оған ой жүгіртіп, ақиқатына жетуге тырысып бағу керек. Себебі ол да Құранның бір аяты, Құранның бір бөлігі. Бұл Құранның ұлылығы. Оны адамдардың әрбірі өз ғасырының әдебиеті мен ғылымына сай түсіне алады. Құранда еш қайшылық жоқ, оған көз салып, ой жүгіртсек бұл ақиқатты аңғарарымыз сөзсіз.

 

Құранда «аспан» сөзі 120 рет, ал «аспандар/ көктер» сөзі 190 рет, жалпы саны 310 рет кездеседі.

 

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста