Ислам діні

Құранда "біреу сені өлтірсе, кек алу керек" деген аят бар: Балғынбек Имашевтің пікіріне ҚМДБ өкілі жауап берді

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Айтыскер ақын Балғынбек Имашев вакцина мен пандемия кезіндегі ауыртпалықтарды ашып айтты. Елдегі мәселелерді айта келе өзінің ұстанымын ашық білдірді. Пандемия кезінде халықты қинаған басшылықты сынға алды. Бұған қатысты Құранда айтылған аятты мысал етті.

 

Бұл туралы "Қасқа жол" атты желі арнасында айтылды деп хабарлайды stan.kz.

 

Балғынбек Имашев пандемия кезінде елге кесірі тиген басшылыққа өкпесін айтты. Одан бөлек вакцинаның мәжбүрсіз салынуы керек деген пікірін жеткізді. Одан бөлек Мұхамеджан Тазабековпен, Жүрсін Ерманмен, Айнұр Тұрсынбаевамен ара қатынасын айтты.

 

"Пандемия кезінде ешкімге керек болмай қалдық. Дәрі іздеп кеттік. Екі сағат кезекте тұрғанда дәрі таусылып қалған кездер болды. Кейіннен дәрі тапшылығының қолдан жасалғанын, қоймаларда жеткілікті мөлшерде дәрі болғаны анықталды. Бұл қолдан жасалған қиянат. Халыққа кесірі тиді. Бұл дегеніміз халықты қыру ғой. Мұндайда ату жазасын беру керек деп ойлаймын. Бірақ бізде өлім жазасы жоқ. Кезінде жазықсыз адамдар атылып кетті. Оның қасында халықты қырғандарға жаза қолдану керек деп ойлаймын. Құранда Хасас деген аят бар. "Егер біреу сенің көзіңді шығарса, өзінің көзін шығар. Немесе біреу сені өлтірсе одан кек алуға міндеттейді. Бұл Алла тағаланың айтқаны. Яғни, кек алу арқылы адам өлімін тоқтату. Егер адам өзінің өлетінін білсе, ондай қылмысқа бармайды. Бұл қылмыстың алдын алу үшін айтылған. Кек алынған жағдайда жаманшылық тоқтайды деген сөз", - деді айтыскер.

 

Кей көрермен айтыскердің осы сөзін түсінбей дал болды. "Ислам мейірімділік діні. Кек алуға емес, жақсылықа жасауға, мейірімділікке үндейді" деген пікірлер айтты. Бұған қатысты ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов жауап берді.

 

"Жалпы қай заманда болсын, қай салаға қатысты болсын пәтуа Құраннан, пайғамбар хадистерінен алынады. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенеді. Бұрынғы заманда қазылар болды. Исламда Хасас деген бар. Яғни, біреу қылмыс жасаса, оған қандай жаза беру керек екенін қарастыру. Егер біреу әдейілеп адам өлтірсе немесе әдейілеп бір қылмысқа барса, оны жазалауға құқығы бар деп қарауға болады. Оны жаза деп қарау керек. Бұл қылмыстың көбейіп кетпеуі үшін айтылған. Қазіргі біздің сот жүйеміз секілді. Мәселен, қазір адам өлтірсе, жәбірленуші сотқа арызданады. Сот төрешісі мән-жайды анықтап, жаза шығарады. Кей жағдайда кісі ақысын төлеп, адам құнын төлеп, кешірім беріп жатады. Бұл екі жақтың келісіміне байланысты. Біреу адам өлтірсе, оны барып өлтіріп кету керек деген емес. Қазы, би, сот арқылы жазасын беру деген нәрсе. Мұны адамдар дұрыс түсініп, ара-жігін ажырата білу керек. Оқырман дұрыс түсінсін. Себебі ислам мейірімділікке, жақсылыққа шақырады", - деді Хасан Аманқұлов.

 

Балғынбек Имашев қолға ту ұстап, әр аймақты аралап жүрген жігіттердің әрекетінен ешқандай пайда жоқ дегенді айтты. Сөзден іске, нақты пайдалы әрекетке көшу керек деп санайды.

 

"Ту ұстап далада жүргеннен не пайда? Одан да солтүстікке көшейік. Дос-жарандарға айтайық. Мен жағдайы келетін азаматтарға айтып жатырмын. Бір ауыл болып көшіп баруға болады. Баяғыда Астананы астана жасағанда осындай саясат болған. Жерді қазақыландыру саясаты болды. Қанша қазақ көшіп барды. Сол секілді солтүстіктің қалаларына, ауылдарына көшіп бармасақ болмайды. Ондағы қазақтың саны азайып барады", - деді Имашев.

 

"Шетелге көшуге үндегендерге де, көшіп жатқан қазақтарға да, өнер өкілдеріне де осыны айтқым келеді. Қазақ басқа елге барғанымен ұзақ тұра алмайды. Теңізге тек демалуа ғана баруға болады. Мен Алтынайды, Қарақатты жақсы көрем. Бірақ олардың қазақтарға  Түркияға көшу жайлы айтқанын қолдамаймын", - деді ол.

 

Мұхамеджан Тазабеков ел аузында діни көзқарасы үшін сынға қалғаны белгілі. Ақынның өзі де өзінің адасқанын мойындады. Балғынбек Имашев осы ретте әріптесі Тазабековпен ара қатынасын айтты.

 

"Мен Мұхамеджанмен бұрыннан араласамын. Оның ақындығын, өнерін, білімін жақсы білемін. Бірақ біз ешқашан діни тақырыпта әңгіме айтқан емеспіз. Ол діни мәселе жайлы айтатын имам емес. Оның діни сауаты да жоқ. Ол өзіміз секілді ақын. Одан мен пәтуа сұрамаймын. Арабияға барғанын, не істегенін білмеймін. Бірақ ол жақсы маман, филология ғылымын оқыған адам", - деді айтыскер.

 

 

 




Көрілген: 2487    Пікірлер: 0

жұма, 12.02.2021, 16:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 14:29
    ҺАШИМ ЖӘМИЛ ОҚИҒАСЫ
    2 Сәуір, 01:26
    ШАРИҒАТ ДЕГЕН НЕ?
    24 Наурыз, 13:45
    ИМАН НЕДЕН ӘЛСІРЕЙДІ?
    22 Наурыз, 01:25
    БАЙҒЫЗ
    16 Наурыз, 18:37
    ҰЛЫЛАРДЫҢ ОРАЗАСЫ
    10 Наурыз, 19:59
    Сүрме жағу сүннет пе?
    6 Наурыз, 01:59
    ШЫНАЙЫ ДОС ДЕГЕН КІМ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30