Ислам діні

ҚҰРАНДАҒЫ ЕКІ СҮРЕНІҢ ЕРЕКШЕ ҚАСИЕТІ

  • ҚҰРАНДАҒЫ ЕКІ СҮРЕНІҢ ЕРЕКШЕ ҚАСИЕТІ

    ҚҰРАНДАҒЫ ЕКІ СҮРЕНІҢ ЕРЕКШЕ ҚАСИЕТІ

Құранның бастауы саналатын Фатиха сүресінің артықшылығы өте көп.

Сондай ерекшелігінің бірі туралы Әбу Сағид Рафиғ ибн әл-Муғәллә (Алла оған разы болсын) айтады:

 «Алла Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) менің қолымнан ұстап тұрып:

 «Сен мешіттен шығудан бұрын саған Құранның ең қасиетті сүресі қандай сүре екенін айтайын ба?»,- деген едіңіз, &ndash дегенімде Ол (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):

«Ол &ndash әлхамдулилләһи Роббил-ъаламин».  Фатиха сүресі әр намазда оқылатын жеті аят және маған түсірілген қасиетті Құранның бәрі», &ndash деп жауап берді»,- дейді.

Ибн Аббас (Алла оған разы болсын) айтады:

 «Жәбірейіл (Алланың оған сәлемі болсын)  Нәбидің (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) жанында отырған уақытта, Нәби (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын)  төбеден есіктің ашылғанына ұқсаған дыбысты естіді.

Жәбірейіл (Алланың оған сәлемі болсын) төбеге қарап:

 «Бұл дүние аспанының қақпасы. Ол осы күнге дейін жабық болып, енді ашылды», &ndash деді. Ол қақпадан сол күнге дейін жер бетіне түспеген періште түсті.

 Періште Нәбимен (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын)  сәлемдесіп:

 «Сүйінші! Саған (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын)  осы уақытқа дейін ешбір пайғамбарға берілмеген екі нұр берілді. Ол &ndash Фатиха сүресі мен Бақара сүресінің соңғы бөлігі. Бұл екеуінің қайсысын оқысаң да, тілегенің беріледі», &ndash деді».

mazhab.kz




Көрілген: 1122    Пікірлер: 0

жұма, 02.10.2020, 12:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 21:02
    БАРЫҢДЫ БІЛДІР...
    6 Қараша, 17:05
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ....

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30