Құранның қасиетін ұғынуға 9 себеп

Құранның қасиетін ұғынуға 9 себеп

Он сегіз мың ғаламды жоқтан бар етіп жаратқан Жаратушы иеміздің сөздері жазылған парақшалардың жиынтығына Құран Кәрім дейміз. Құран – Жаратқанның жарлығы мен үкімдері жазылған бір кітап [1].

 

Пенденің екі мақсаты болса, оның бірі – бұл дүниеде шаттықта өмір сүру, екіншісі – арғы дүниеде пейішке барып, мәңгі бақи рахат бір ғұмыр кешу [2]. Бақытты ғұмырдың басталар жері, әрі осы бақыт жолының бастауы қасиетті Құран Кәріммен басталады. Құран тек мұсылмандарға ғана жол көрсетуші, бағыт бағдар беруші емес, жер бетіндегі барша адам баласы үшін түсірілген қасиетті кітап.

 

Адамдардың Құран Кәріммен байланыс құруы үшін, ең алдымен оның қадір-қасиетіне жете білу керек. Оның мәртебесін біліп, лайықты түрде қастерлеуіміз үшін, ең алдымен оның қадірі мен қасиетін тереңірек ұғынуымыз шарт. Өйткені адам баласы табиғатында бір нәрсенің қадір-қасиетін, құндылығын білсе ғана, оған жете көңіл бөліп, маңыз береді. Ал қадірін білмеген, маңызын түсінбеген нәрсені елеп-ескере бермейді. Адамдардың, Құран Кәрімнің қадір қасиетін ұғына білулеріне қатысты көптеген негіздер бар. Біз олардың бірнешеуін ғана дәлелмен беруді жөн көрдік.

 

1. Құран Кәрім – турашыл адамдар үшін жолбасшы

 

Қандай да бір адам / мұсылман Құранға ықылас қойып, үйренсе, Алла Тағала оған Қасиетті кітаптың сырын ұғындырып, ондағы тура жолдарынан, үгіт-насихаттардан, қуанышты хабарлардан бір үлес береді. Иман келтіргендер мен турашыл адамдар Жаратқанның жақсы көретін пенделері болып, Ақыретте рахат пен шаттыққа бөленеді. Алла Тағала Құран Кәрімде былай дейді:

 

«Ішінде ешбір шүбә жоқ осынау Кітап тақуалар үшін жолбасшы» (Бақара, 2).

 

2. Құран – барлық дін кітаптарын қамтыған

 

Құран Кәрім Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с), 610 жылы Жәбірейіл (а.с) арқылы келе бастады. Ислам дінінен алдын да көптеген діндерге қасиетті кітаптар, парақтар жіберілген. Мысалы: Христиандарға «Інжіл», яхудилерге «Таурат» сияқты, Құран Кәрім өзінен алдыңғы келген барлық қасиетті кітаптарды қамтыған. Бұл жайында Құран Кәрімде:

 

 «Расында Біз саған осы Кітапты алдындағы Кітаптарды растаушы һәм сақтаушы етіп ақиқатпен түсірдік» (Мәида, 48).

 

3. Құранның қасиеттілігін білдіретін көптеген аттары бар

 

Құран Кәрімнің қасиеттілігі мен құндылығын, мәртебесі мен ұлықтығын паш ететін теңдесіз есімдері бар. Бірнешеуін ғана келтіріп кетейік:

 

«Әз-Зикрул-Хаким», Даналық зікір мағынасында. «Бұл Біздің саған оқып беріп жатқан аяттарымыз бен даналық зікірлері» (Әли Имран, 58).

 

 «әл-Фурқан», Ақ пен қараны қақ айырушы. «Рамазан айы адамдарды тура жолға бастаушы, туралықтың һәм ақ пен қараны айырудың айқын дәлелдері бар Құран түскен ай» (Бақара, 185).

 

«Айқын нұр», Теңдесіз нұр. «Сендерге Алла тарапынан нұр мен айқын Кітап келді» (Мәида, 15).

 

4. Құран Кәрім – теңдесіз қайнар бұлақ

 

Біздің дәуірімізден алдыңғы өмір сүрген қауымдар мен олардың ұрпақтары, патшалықтар мен әмірліктері жайында, Құран келместен алдын болып өткен көптеген қиссалар мен әңгімелерді Құран Кәрімнің мәтіндерінен үйрене аламыз. Адам атадан бастап, Нұқ Пайғамбардың кемесіне қатысты оқиғаларды, пенделер сияқты өмір сүретін жындарды, адамдарды жасырын азғыратын ібілісті де Құран Кәрім арқылы біле аламыз. Адамдардың қалай жаратылғанын, ана құрсағына түскен күннен бастап, бақилық болғаннан кейінгі барар жеріне дейінгі деректі Құран Кәрімнен аламыз.

 

Харис әл-Ағуар бір риуаятында былай дейді: «Бірде мешітте кетіп бара жатып онда адамдардың әңгімеге кірісіп кеткендерін көрдім. Сосын Әлидің (р.а.) алдына барып: «Уа, мұсылмандардың әміршісі! Адамдардың әртүрлі әңгімеге кірісіп кеткенін байқамадыңыз ба?» – дедім. Ол (р.а.): «Олар сөйтіп жатыр ма?» – деп сұрады. Мен: «Иә», – дедім. Сосын ол (р.а.): «Мен Алланың Елшісінің (с.ғ.с.): «Сендердің араларыңда сынақ, бүлік болады», – дегенін естідім. Мен сонда: «Уа, Расулалла! Одан шығар жол қайсы?» – деп сұрадым.

 

Сонда Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) былай деді: «Ол – Алланың Кітабын бекем ұстану. Онда сендерден бұрынғылардың һәм сендерден кейінгілердің хабары бар, араларыңдағы дау-дамайдың шешімі бар. Ол әзіл емес, кесімді Сөз. Қандай да бір қатыгез билеуші оны тастап қойса, Алла оны тас-талқан етеді. Кімде-кім тура жолды одан басқадан іздесе, Алла оны адастырады. Ол – Алланың берік жібі. Ол – даналық зікірлері. Ол – туралық жолы. Оған жүгінген нәпсі адаспайды, онымен сөйлеген тіл сүрінбейді. Ғұламалар оған тоймайды. Ол көп жауап беруден тозып қалмайды. Оның ғажайыптары таусылмайды. Оған құлақ түрген жындар: «Ақиқатында біз ғажайып Құранды тыңдадық. Ол туралыққа бағыттайды», – дескен (Жын сүресі, 1, 2-аяттар).

 

Құранмен сөйлеген – шыншыл, Құранның нұсқауымен іс қылған сауапқа ие, Құранның үкімімен үкім қылған – әділ, Құран оқуға шақырған адам тура жолға бағыттаушы. Сондықтан да, сен де соны ұстан, уа, Ағуар!» – деді Әли.

 

5. Құран Кәрімге сенгендердің мерейі өседі     

 

Қасиетті Құранда, иман еткендердің мерейінің үстемділігі мен өмір сүру ұстанымдарының айрықша болатыны және сенгендерге айрықша ескертулер жасалғанын білдірген:

 

«Сендерге ішінде өздерің туралы естелік, ескеру бар Кітап жібердік. Сонда да түсінбейсіңдер ме?» (Әнбия, 10).

 

6. Құран Кәрімді оқыған адамның жүзінде нұр болады

 

Құранды оқу бір сауап. Құран өзін оқыған адамына тылсым күштерге қарсы қорған болады, жолын бөгеуші күштердің ұзақ болуы мен жүзінен нұр шашып жүреді. Құран Кәрімді толық жаттап, білгенімен амал еткен пендесінің денесі ақыретке дейін сақталады.

 

Ибн Аббастан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):

 

«Кеудесінде Құраннан ештеңе жоқ (ештеңе жаттамаған) адам қираған үй сияқты», – деген. (Тирмизи).

 

Тағы бір хадисінде, пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

 

«Үйлеріңді қабірлерге айналдырмаңдар. Расында шайтан Бақара сүресі оқылатын үйден ат-тонын ала қашады», – деген. (Нәсәи).

 

7. Құран Кәрім өзгермеген жалғыз Кітап

 

Бұрынғы Тәурат, Інжіл кітаптары сияқты адам қолымен өзгермеген әрі өзгермейтіні жайында Құран Кәрімде былай деп баяндалған:

 

«Ақиқатында зікірді (Құранды) Біз түсірдік, әрі Біз оны сақтаушымыз» (Хижр, 9).

 

8. Құран күллі адамзаттың барлық уақыт пен мекендегі ортақ Кітабы.

 

Сондықтан да оның ішінде күллі адамдарға қарата айтылған үндеулер көп кездеседі. «Уа, адамдар!» деп басталатын аяттар Құранда 19 мәрте кездеседі. Сондай-ақ «Уа, Адам ұрпақтары!» деп басталатын 4 аят бар.

 

9. Құран тіршіліктің барлық қырларын қамтыған

 

Құран Кәрім тек үгіт-насихат, шариғат, экономика, тәрбие кітабы емес. Құран Кәрім жер бетіндегі барлық жаратылыстың мәселесіне қатысты тақырыптарды  түгелімен қамтыған Ұлы Кітап.

 

«Ол (Құран) ойдан шығарылған әңгіме емес, алайда өзінен бұрынғыны (Кітаптарды) растаушы, әрбір нәрсенің түсіндірушісі, иман келтіргендер үшін тура жолбасшы һәм мейірім» (Жүсіп, 111).

 

Ардақты сахаба Абдулла ибн Аббас (р.а.): «Тіпті менің түйемнің жүгені жоғалса да оны Алла Тағаланың Кітабынан табатынмын», – деген. Ал Имам Шафиғи: «Дін жайындағы қандай да бір мәселе болмасын, одан шығар жолға Алланың Кітабынан дәлел бар»,[3] – деген.

 

 

 

kazislam.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста