Ислам діні

Құранның тағы бірнеше аяты ғылыми расталды

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

Таяу Шығыстағы Тел-әл-Хамам қаласы маңындағы қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археологтар шаһардың алып метеориттің жарылуынан шамамен дәуірімізге дейінгі 1650 жылы тып-типыл болып жойылғанын дәлелдеді.

 

Бұл жайында islam.kz порталы бұл жайында жарыса жазған әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Қола дәуіріне тиесілі аталмыш шаһар Өлі теңіздің солтүстік-шығысына қарай созылып жатқан Иордан жазығыың оңтүстігінде, дәлірегі, осы күнгі Иордания аумағында орын тепкен. Осыдан бірталай жыл бұрын археологтар қазба жұмыстарын бастап, көмірге айналған ағаштың, күлдің, күйген кірпіштің және қыш ыдыстарды тапқан болатын.

 

Топырақтың жыныс қабатының жасы шамамен осыдан шамамен 3600 жыл бұрын қаланың отты дауылдан жермен-жексен болғанын растаған еді.

 

Бастапқыда бұл қаланың қирау себептері ретінде жанартаудың оянуы, зілзала, өрт немесе әскери қақтығыс айтылғанымен олардың бірде-біреуі расталмады. Расталмаған себебі – бұл айтылған жорамалдардың бірде-біреуі темір балқитын, қыш ыдыстар күйетін температураны тудыра алмайтын еді.

 

Зертханадағы тәжірибе нәтижесі көрсеткендей, қаланың мұндай күйге енуі үшін Цельсия бойынша 1500 градустан жоғары температура керек.

 

Ақыры бұл сауалдың жауабы табылды: америкалық, чех, канадалық археологтар, геологтар, геохимиктер, геоморфологтар, минералогтар, палеоботаниктер, седиментологтар, ғарыштан келететін соққыларды бағалаушы мамандар, т.б. растағандай, қала тұрғындары метеориттің жарылуынан опат болған.

 

Қасиетті Құрандағы картинаны көз алдымызға әкелу үшін табаны кұректей 15 жыл зерттеу жұмыстары жүргізілген. Жойқын апаттың орын алғаны ғылыми тұрғыдан расталып отыр, алайда, оның нендей себеппен орын алғанын Інжілдегі Содом және Гомор қаласы туралы хикаямен байланыстырудан ары аса алмаймыз. Яғни, қасиетті Құрандағы Лұт қауымының, яғни, Сәдум халқының арсыздығына байланысты орын алған апат екенін сенімді түрде айта аламыз.

 

Ғалымдар бұл тарапта компьютерлік моделдеу тәсілі арқылы ғарыштан келген апаттың (аспаннан жаудырылған, яғни, азаптың көктен келгендігі айтылады.

 

Осы орайда «Пайғамбарлар тарихы» кітабынан мынадай деректі келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз:

Хазірет Лұт үмбетін алып қаладан шалғай кеткенде, таң рауандап атқан еді. Соққан желдің арты дауылға айналып, қала үстіне тас нөсердей құя бастады.

Осы кезде ғайыптан: «Сендер Лұттың хабар берген азабы мен ескертуін жоққа шығарып едіңдер. Енді сол азапты тартыңдар. Лұттың туралығын біліңдер», – деген дауыс естіліп тұрды.

 

Аятта: «Оларға апат әміріміз келген сәтте, ол жердің үстін астына келтірдік. Сондай-ақ үстеріне әдейі әзірленіп қыздырылған тас жаудырдық,» (һұд сүресі, 82) – деп айтылады.

 

Деректерде Садум елінің тұрған жері қазіргі «Лұт көлі» яки «Өлі теңіздің» тұрған жері екендігі айтылады) ғарыш денесінің соқұысынан орын алғанын растады.

 

Ғалымдар оқиға орнынан соққы беруші минералдар жұрнағын (орасан зор қысымнан пайда болатын) – импакті кварцты, диамандоидты (алмас тәрізді тозаң, сондай-ақ, сферулды – буланған темір мен құмнан тұратын балқыған материалды тапты.

 

 

 




Көрілген: 981    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.09.2021, 19:31

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қазан, 14:20
    ШАЙТАН МЕН МАҚТАН
    8 Қазан, 17:35
    Жұма күнгі әдептер
    6 Қазан, 16:26
    ҚАБІР ӨМІРІ
    23 Қыркүйек, 19:49
    «Иманды болсын» демеңіз!
    22 Қыркүйек, 19:16
    ҮЙГЕ ДЕ КӨЗ ТИЕ МЕ?
    22 Қыркүйек, 14:24
    ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ
    13 Қыркүйек, 17:18
    Тұмар тағуға бола ма?
    10 Қыркүйек, 19:06
    ШАЙТАН НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
    30 Тамыз, 11:39
    НАМАЗДА КӨЗДІ ЖҰМУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31