Ислам діні

Құрбан айт - 2020: ҚМДБ қорытындысын жариялады

  • Құрбан айт - 2020: ҚМДБ қорытындысын жариялады

    Құрбан айт - 2020: ҚМДБ қорытындысын жариялады

Мұсылман мерекесі құлшылық пен қайырымдылықтан басталады. Ұлық мейрам – Құрбан айтта жағдайы бар адамға міндет болған негізгі амал – құрбан шалып, оны мұқтаж отбасыға тарату, осылайша, жабырқаған жандарды мерекелік қуанышқа бөлеу. Бұл амал адам баласының қанағатшылдық, жомарттық, мейірбандық, т.б. сынды адамдық қасиеттерін арттырады.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы қоғам алдындағы қайырымдылық қызметін жандандыра түсу мақсатында және еліміздегі эпидемиологиялық жағдай кезінде мұсылмандық міндетті кедергісіз атқаруға оңтайлы ұсыныс ретінде www.qurban2020.kz жобасын іске қосты.

Санитарлық талаптарды сақтай отырып, осы жобаны жоғары деңгейде жүзеге асыру үшін әр аймақта жұмыс тобы құрылды. ҚМДБ өкілдігі жанынан құрылған жұмыс тобы тәулік бойы қызмет етті. Осы жобаға дін қызметкерлерімен қосқанда 3 924 ерікті, 872 көлік жұмылдырылды. Еліміз бойынша алдын ала белгіленген 35 стационарлық қасапханада 394 қасапшы жұмыс істеді. Ал әр өңірдегі орталықтандырылған жұмыс тобында 447 адам қызмет етті. Республика бойынша 25 сall-орталық qurban2020 жобасы бойынша тиісті кеңес пен ақпарат берумен айналысты, - делінген хабарламада.

Игі іске үлес қосқан еріктілер мен мешіт жамағатының белсенді жұмысының нәтижесінде 81 301 мұқтаж отбасыға құрбандық еті жетікізілді. Жер-жердегі қарттар, жетімдер, балалар үйлері мен ауруханаларда да қайырымдылық шаралары өткізілді. Мерекелік қуанышқа бөленген жандар алғыс айтуда.

Айта кетсек, ҚМДБ-ның аймақтағы өкілдері айттың бірінші күнінде (31.07.2020) көмекке зәру 30 715 отбасыға құрбандық етін үлестірді. Ал айттың екінші күнінде (01.08.2020) 27 741 отбасы мерекелік қуанышқа бөленді. Құрбан айттың үшінші күнінде (02.08.2020) 22 845 отбасыға ет таратылды. Жалпы алғанда, яғни барлық облысты қамтығанда Құрбан айттың үш күнінде 81 301 отбасыға ет жеткізілді.

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы қайырымдылық шарасына белсенді атсалысқан азаматтарға, жергілікті әкімдік өкілдеріне, сондай-ақ, жекелеген кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларына айрықша алғыс айтады. Алла Тағала игі амалдың сауабын арттырып, өз құзыретінде қабылдыққа жазғай, жақсылығын жаудырғай. Көмек алған жандардың риясыз тілегі қабыл болғай. Әмин! - делінген басқарма хабарламасында.

BAQ.KZ




Көрілген: 436    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.08.2020, 18:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 14:58
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    25 Қыркүйек, 00:39
    АҚЫРЗАМАН БЕЛГІЛЕРІ
    24 Қыркүйек, 22:09
    САУАПТЫ ЖОЯТЫН АМАЛ
    14 Қыркүйек, 15:30
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    8 Қыркүйек, 21:33
    ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...
    7 Қыркүйек, 13:58
    Қажылыққа тең 5 амал
    4 Қыркүйек, 19:46
    БАЛАМ, САҒАН АЙТАРЫМ БАР
    25 Тамыз, 17:36
    «Қайыршыны зекіме»
    23 Тамыз, 14:29
    ӘУЛИЕ ДЕГЕН КІМ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31