Ислам діні

Құрбан айт күні мал базары жұмыс істемейді

  • http://mangystautv.kz/

    http://mangystautv.kz/

Құрбан айт күні Ақтөбеде мал базары жұмыс істемейді. Бірақ құрбан шалу онлайн ұйымдастырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Нұрсұлу Беркімбаева Құрбан айт мерекесі қарсаңында жаңа қаулы шығарды.

 

Қаулыға сәйкес көпшілік, мерекелік және отбасылық іс-шараларды, оның ішінде үй ішінде адамдар көп жиналатын басқосуды өткізуге тыйым салынды.

 

Сонымен бірге 31 шілде мен 2 тамыз аралығында мал базары жұмыс істемейді.

 

«Мал сою орындарын анықтау және құрбан шалу рәсімдері онлайн форматта ұйымдастырылады. Мал союды тек тапсырыс және жеткізу арқылы ветеринарлық сертификат болған жағдайда, келушілерсіз жүргізіледі. Мал сою цехтарының барлық персоналын термометрия жүргізу үшін медицина қызметкерін тартуды және нәтижелерін журналға енгізуді тапсырамын. Жедел респираторлық вирустық инфекция (жоғары температура, жөтел, тұмау) және басқа да жұқпалы ауру белгілері бар қызметкерлерді жұмысқа жібермеу қажет», -деп жазылған қаулыда.

 

Мал сою цехтарында дезинфекциялық жұмыс күшейеді. Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы, мал союмен айналысатын кәсіпкерлік субъектілерінің басшылары талаптардың орындалуына жауапты.

 

Сонымен бірге облыстық полиция департаменті бөгде адамның цех ішіне кірмеуін бақылайды.

 




Көрілген: 732    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.07.2020, 01:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 14:58
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    25 Қыркүйек, 00:39
    АҚЫРЗАМАН БЕЛГІЛЕРІ
    24 Қыркүйек, 22:09
    САУАПТЫ ЖОЯТЫН АМАЛ
    14 Қыркүйек, 15:30
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    8 Қыркүйек, 21:33
    ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...
    7 Қыркүйек, 13:58
    Қажылыққа тең 5 амал
    4 Қыркүйек, 19:46
    БАЛАМ, САҒАН АЙТАРЫМ БАР

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31