Ислам діні

Құрбан айт намазы «қызыл» аймақтарда қалай оқылады

  • https://vesti.kg/

    https://vesti.kg/

Құрбан айт намазы қатаң санитарлық норма талаптарын сақтай отырып, «сары», «жасыл» аймақтарда мешіт аулаларында ғана оқылады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.

 

Дегенмен, «қызыл» аймақта Құрбан айт намазын оқу жергілікті санитарлық мемлекеттік бас дәрігердің Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Айт намазын өткізу бойынша діни басқарманың өкіл имамдары әр өңірдегі бас санитарлық дәрігермен бірлесіп, арнайы брифингтер өткізетін болады.

 

Бас мүфти, жамағаттан қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, Айт намазы біткен сәтте мешіт ауласында ұзақ тұрақтамауды өтінді.

 

Сонымен қатар биыл құрбан шалу рәсімі екі жолмен жүзеге асырылады.

 

Бірінші мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып, «сары» және «жасыл» аймақтарда онлайн немесе офлайн форматта өткізіледі.

 

Екінші еліміздің «қызыл» аймақтарында шариғаттағы «өкілдік» қағидасына сәйкес «qurban2021.kz» сайты арқылы тек онлайн режимде жүзеге асырылады.

 

Бұл сайт бүгін сағат 15:00-ден бастап іске қосылып, Құрбан айттың үшінші күні, яғни 22 шілдеге дейін жұмыс істейді.

 

Осы сайт арқылы мұқтаж отбасылар құрбандық етін алу үшін 17 шілдеден бастап өтініш білдіре алады.

 

Мұқтаж жандарға құрбан малының еті діни басқарма тарапынан жеткізіліп беріледі.

 

Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:

 

- Қазіргі ВАК шешімі бойынша жауабы бар. Ол жерде далада Құрбан айт намазын оқуға рұқсат берген. Дегенмен, бұл жерде жергілікті эпидемиология орталығының бас дәрігерінің қаулысына негізделуі керек. Егер бір қала немесе облыста санитарлық бас дәрігердің қаулысы шықса рұқсатқа. Сол рұқсат негізінде намаздар жүргізілетін болады. Қазір Нұр-Сұлтан қаласында тыйым салып отыр.

 

Сонымен қатар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елдегі мешіттерге Ashyq жүйесі енгізілуі мүмкін екендігін айтты. Мешітке келетін жамағаттың қауіпсіздігі үшін діни басқарма мұндай жаңашылдықты құп көріп отыр.

 

Айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігіне бұл туралы хабар берілген.

 

 

 

24.kz

 




Көрілген: 1232    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.07.2021, 19:02

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 00:30
    ТЫЙЫМДАРДЫҢ ХИКМЕТІ
    15 Қазан, 14:20
    ШАЙТАН МЕН МАҚТАН
    8 Қазан, 17:35
    Жұма күнгі әдептер
    6 Қазан, 16:26
    ҚАБІР ӨМІРІ
    23 Қыркүйек, 19:49
    «Иманды болсын» демеңіз!
    22 Қыркүйек, 19:16
    ҮЙГЕ ДЕ КӨЗ ТИЕ МЕ?
    22 Қыркүйек, 14:24
    ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ
    13 Қыркүйек, 17:18
    Тұмар тағуға бола ма?
    10 Қыркүйек, 19:06
    ШАЙТАН НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
    30 Тамыз, 11:39
    НАМАЗДА КӨЗДІ ЖҰМУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31