Ислам діні

Құрбан айтта 424 миллион теңгенің еті таратылды

  • Құрбан айтта 424 миллион теңгенің еті таратылды

    Құрбан айтта 424 миллион теңгенің еті таратылды

"Зекет" қоры құрбан айтта 34 900 отбасыға 300 тоннаға жуық ет үлестірді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы "Зекет" қоры Құрбан айт аясында таратылған еттің есебін жариялады. Бұдан бөлек, қасиетті мейрамда екі отбасыға пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


"Зекет" қоры баспасөз қызметінің хабарлауынша, құрбандық еті барлық өңірде көмекке мұқтаж адамдарға таратылды. Мәселен, Алматыда 2,5 тоннаға жуық ет үлестірілсе, Нұр-Сұлтанда 1 тонна ет 200 отбасыға берілді.


Құрбан айтта 34 900 отбасыға құрбандық еті таратылды

Жалпы, республика бойынша тұрғындар 6 түйе, 743 ірі қара және 8 538 қойды "Зекет" қоры арқылы құрбандыққа шалып, 283 тоннаға жуық етті таратты. Бұның барлығы 34 900 отбасыға үлестірілді.


Еттің жалпы құны – 424 миллион теңге. Сондай-ақ, соқырлар қоғамдарына, мүмкіндігі шектеулі және мүгедектер үйлеріне, қарттар үйлеріне, мектептер және медреселерге көмек берілді.


"Зекет" қоры Құрбан айтта тұрғындарға 300 тоннаға жуық ет үлестірді

Бұдан бөлек, "Ел үлесі – пәтерге!" жобасы аясында қасиетті мейрамда Талдықорған өңірінің тұрғындарына пәтер кілті табысталды. Бұл жолы Қабанбай ауылындағы жеті баланың анасы және Көшкентал ауылындағы үш қыз тәрбиелеп отырған жалғызбасты мүгедек ана баспаналы болды. 




Көрілген: 450    Пікірлер: 0

жұма, 16.08.2019, 14:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Қыркүйек, 12:17
    Тасқа қашалған аят
    5 Қыркүйек, 11:40
    Өтіріктен де ауыр күнә
    18 Тамыз, 14:06
    Қарыз алу дұрыс па?
    10 Тамыз, 11:21
    ҚҰРБАН ШАЛУ ҚИССАСЫ
    26 Шілде, 11:20
    Адам-ол кім?
    6 Шілде, 17:17
    Қажылық және умра
    1 Шілде, 20:56
    Ең осал адам кім?
    20 Маусым, 13:46
    Аса қауіпті түн!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30