Ислам діні

Құрбан айтта білуге тиіс 6 сөз

  • Құрбан айтта білуге тиіс 6 сөз

    Құрбан айтта білуге тиіс 6 сөз

20 шілде барша мұсылман қауым күткен қасиетті Құрбан айт мейрамы. Осы мейрамда жиі айтылатын діни атауларды біле жүргеніңіз абзал.

Құрбан айт сөзі араб тілінен  (يد الأضحى ‘Īd ul-’Aḍḥā) келгені белгілі. “Құрбан” сөзі араб тілінде "жақындау" дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы — "шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау" деген мағынада қолданылады. Бұл мейрам ораза айттан кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күні мұсылман қауым құрбандыққа мал сояды.

 
Осы Құрбан айт мерекесі кезінде Зүл-хиджа сөзі де қолданылады. Бұл сөз — ай атауы, яғни Құрбан айт болатын ай Зүл-хиджа айы деп аталады. Мұсылмандар Зүл-хиджа айының алғашқы он күнінде жасалатын ғибадаттардың қадірі өте жоғары деп біледі.

Ал "Арапа" сөзі туралы айтар болсақ, бұл күннің атауы болып табылады. Ол қасиетті мерекенің бастауын білдіреді. Құрбан айт мейрамынан алдыңғы күнді "арапа" деп атайды. "Арапа" сөзінің тілдік мағынасы білу, тану, анықтау деген мағынада қолданылады. 

Тәурия күні — Арападан бір күн бұрынғы күн.

Шек беру — қазақ халқының ислам мәдениеті арқылы келген дәстүрі. Бұл күні ата-бабасының аруақтарына арнап, құран оқытып, дұға жасайды. Ол Ораза айт немесе Құрбан айт мерекесінің алдында болады.

Сауап –  араб тілінен енген "марапат" ұғымын білдіретін сөз. Шындық, лайық болу деген сөздермен де байланысты. Ислам дінінде жасалған игілікті іс үшін Алла тағала тарапынан берілетін сый. Сауап сөзі бүкіл ислам әлемінде қолданылады.




Көрілген: 2305    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.07.2021, 18:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қазан, 14:20
    ШАЙТАН МЕН МАҚТАН
    8 Қазан, 17:35
    Жұма күнгі әдептер
    6 Қазан, 16:26
    ҚАБІР ӨМІРІ
    23 Қыркүйек, 19:49
    «Иманды болсын» демеңіз!
    22 Қыркүйек, 19:16
    ҮЙГЕ ДЕ КӨЗ ТИЕ МЕ?
    22 Қыркүйек, 14:24
    ТҮНГІ ҚҰЛШЫЛЫҚ
    13 Қыркүйек, 17:18
    Тұмар тағуға бола ма?
    10 Қыркүйек, 19:06
    ШАЙТАН НЕДЕН ҚОРҚАДЫ?
    30 Тамыз, 11:39
    НАМАЗДА КӨЗДІ ЖҰМУ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31