Ислам діні

Құрбандыққа шалынған мал етін алу үшін мешітке келудің қажеті жоқ - имам

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Алматыда Құрбан айт күндері құрбандыққа шалынған етті мұқтаж жандарға жеткізіп беру ұйымдастырылады. Бұл туралы Алматы қаласы Бостандық ауданы «Байкен» мешітінің Бас имамы Данияр Жұмабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Имамдар халықты жаппай мешітке бармауға шақырды.

 

«Биылғы жылы Құрбан айт дәстүрлі мерекесінің аясында карантиндік шектеу шараларына байланысты мешіттер жанында құрбандық шалынбайды және оның еті таратылмайды. Құрбандыққа шалынған етті алуға өтініш білдіргендерге мешітке келудің қажеті жоқ. Құрбандық еті арнайы құрылған штаб арқылы мұқтаж жандардың үйлеріне жеткізіледі», - деді Данияр Жұмабаев.

 

Имам карантин талаптарын сақтау үшін Алматы қаласының мешіттерінде мерекелік Айт намазы оқылмайтынын айтты. Құрбандық шалуға өтініш беру және мұқтаж, аз қамтылған қала тұрғындарының ет алуға қалдырған өтініштерін алу Qurban2020.kz сайты арқылы 24 шілдеден 30 шілде аралығында жүргізіледі.

 

Осы уақытқа дейін 1305 адам ет алуға өтініш білдірген. 2 және 3 тамыз күндері құрбандыққа шалынған ет таратылады.

 

Қосымша ақпаратты 8(700)7197622, 8(727)3976390 байланыс телефондары арқылы білуге болады.

 

Айта кету керек, Алматыда полиция қала территориясында Құрбан айт мейрамы кезінде мал әкелуге, мал союға тыйым салынды. Осы талаптарды қадағала үшін қаланың айналасында 14 полиция посты қойылады.

 




Көрілген: 692    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 13:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 14:58
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    25 Қыркүйек, 00:39
    АҚЫРЗАМАН БЕЛГІЛЕРІ
    24 Қыркүйек, 22:09
    САУАПТЫ ЖОЯТЫН АМАЛ
    14 Қыркүйек, 15:30
    БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ
    8 Қыркүйек, 21:33
    ДҮНИЕНI ТҮЗЕТКЕН БАЛА...
    7 Қыркүйек, 13:58
    Қажылыққа тең 5 амал
    4 Қыркүйек, 19:46
    БАЛАМ, САҒАН АЙТАРЫМ БАР

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31